ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаз - керемет мезгіл
15-08-2017 02:56
Жаз - керемет мезгіл

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің «Сириус» мектеп жанындағы профильдік лагерінде екі ауысым ішінде 185 оқушы демалып, сауықтырылды. Олардың әрқайсысы үшін лагерьдегі демалыс одан әрі шығармашылықтарын дамыту, рухани әлемді тану үшін мәре алаңына айналды. Мектеп педагогтары лагерь бағдарламасын әр бала үшін жан-жақты және қызықты етіп әзірледі. Алғашқы күннен бастап оқушылар өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін сынады, қатарластарымен қарым-қатынас жасауға үйренді, өздері үшін жаңа музыкалық  көкжиектерді ашты.

Әртістік дарындылықтың керемет көріністері «Бет перделер» театрландырылған жобасында іске асты, «Баршаға арналған оркестр» үйірмесінің сабақтарында ансамбльде түсініп ойнау және халық аспаптарын меңгеріп, хорда ән айту өнеріне үйренді.  Ең көңілді және бұзықтардың бірі бәрі сөзсіз жақсы көретін флэшмоб болды.

11 тамызда лагерьдің жабылу маусымында оқушылардың ата-аналары мектеп жанындағы лагерь өмірі оқиғалар мен кездесулерге толы болғанын атап өтіп, оқушылардың керемет демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.