ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Балдәурен» оқу – сауықтыру орталығының ашылуы туралы
16-08-2017 10:21

2017 жылдың 18 тамызында сағат 10.00-да Павлодар қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы ашылуы өткізіледі.
«Балдәурен» қалалық оқу-сауықтыру орталығы Ертіс маңындағы әдемі бұрыштарының бірінде Мичурино ауылы маңында орналасқан.
«Балдәурен» - бұл оқу-тәрбие және сауықтыру шараларын ұйымдастыру бойынша облыстың бірінші қалалық қосымша білім беру орталығы, сондай-ақ балалардың облыстық және қалалық мәдени-көпшілік, ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізілетін орны.
Ұйымның басты мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дем оқытуды және тәрбиелеуді, демалыс пен сауықтыруды ұйымдастыру, сонымен қатар шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Орталықтың қызметі оқу озаттарына, зияткерлік, шығармашылық және спорттық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жыл бойы жоспарланған. Барлығы жыл ішіндебір ауысымда 150 бала болатын жалпы 3,0 мың бала шамасы есебімен 18 тақырыптық ауысым анықталған. Ауысым ұзақтығы 15 күн құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 1000 адамды қамтитын 7 маусым жоспарланған.
Балалардың оқуы мен тұруына қолайлы жағдайлар қарастырылған. Интернетке қосылған шахмат, робот техникасы кабинеттерімен, компьютерлік сыныптармен, изо-студиямен, шаштараз және тігін шеберханасымен, музыкалық қонақжайымен, кітап қоры-5,0 мың дана кітаптары бар қазіргі заманғы кітапханамен басқа да оқу кабинеттерімен жабдықталған. Жатын корпустары, сондай-ақ бөлмелерінде қажетті жиһазбен, ОТАУ ТВ спутниктік арнасына қосылған теледидар орнатылған демалыс аймақтары қамтылған.
Тәрбиеленушілерге құнарлы бес уақыт тамақтану, профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары: массаж, оттегі коктейльдері, ингаляция жүргiзу үшін жабдық қолданылады, биотрондар және т.б. ұсынылады.
Спортпен айналысу үшін футбол алаңы, волейбол және стритбол алаңдары, тренажер және хореографиялық зал, қаңқалы бассейн, батуттары бар, 20 тамызға дейін көшедегі спорттық тренажерлар орнату жоспарланып отыр.
Балалар мен жасөспірімдерді қазақтың салт-дәстүріне тарту мақсатында ұлттық киіз үй және алтыбақанорнатылды.
Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін көлік бар.
5 екі қабатты жатын корпустары (коттедждер), медициналық кешені мен әкімшілік ғимараты, сондай-ақ бар типтік 150 орындық асхана мен акт залы орналасқан аумақтың жалпы алаңы 12 га құрайды.
Орталықта 100 жұмыс орны ашылды.«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының ашылуы қалалық көрсеткіштіңқосымша біліммен қамтылуын 43 пайыздан 47 пайызға дейін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі