ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдердің республикалық секциясы
18-08-2017 06:03
Мұғалімдердің республикалық секциясы

Жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу бойынша республикалық секцияға Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің 1, 2, 5, 7 сыныптарының 350  мұғалімі қатысты. «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі»  Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі жағдайында 5, 7 сынып пән мұғалімдері үшін Назарбаев зияткерлік мектебінде, бастауыш сынып мұғалімдері үшін Павлодар қаласының № 25 ЖОМ өткізілді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу, педагогтермен, ата – аналармен жаңа оқу бағдарламаларын меңгеру мониторингі бойынша кері байланысты қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды. Назарбаев зияткерлік мектеп педагогтерімен пән мұғалімдеріне қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды қолдану бойынша түсінік беріліп, сабақта критериалды бағалауды қалай жүргізу керек екенін тәжірибеде көрсетті.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық қатысушылар электронды тасымалдағышта оқу-әдістемелік құралдар кешенімен қамтамасыз етілді.