ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтердің облыстық секциялары
18-08-2017 06:05
Педагогтердің облыстық секциялары

Облыс мұғалімдерінің педагогикалық тамыз кеңесі шеңберінде облыстық секцияларда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары мен әдіскерлері қатысты.

Назарбаев зияткерлік мектебінде Павлодар қаласының әдістемелік кабинет меңгерушісі Шолпан Сәменқызы Нұрахметова, кабинет әдіскерлері Нұргүл Шалабайқызы Азанбаева, Гүлбану Болатқызы Әубәкірова, Жанар Зейноллақызы Геложутдинова пікірталас алаңшаларда жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру, шығармашылық топ жұмыстарын ұйымдастыру, инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруде мұғалімдерге әдістемелік қолдау жасау, инновациялық озық тәжірибенің жалпылауын  өткізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.  № 29 ЖОМ, № 28 ЖОМ директорлары В. А. Еленич, Г. С. Мантықова басшылар секциясының модераторлары болды. Пікірталас алаңшаларының модераторлары мен спикерлеріне білім беруді дамытудың инновациялық орталығының сертификаттары табысталды.

Назарбаев зияткерлік мектебінің секцияларында әдістемелік қызметінің қызметкерлері, қала, аудан білім беру бөлімдері ұйымдарының басшылары  қатысты.

20 пән бойынша 20 облыстық секцияларда 100 астам Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының басшылары қатысады.