ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы педагог жұмыскерлерінің тамыз конфренциясын өткізу туралы
25-08-2017 04:30

Павлодар қаласы педагог жұмыскерлерінің дәстүрлі тамыз конфренциясы Естай атындағы мәдениет сарайында 2017 жылғы 26 тамызда, сағат 10.00 де өтеді.
Конференцияның тақырыбы - «Қазақстанның жаңғыруы 3.0. - білім үлесі».
Конференцияға жалпы орта мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің, мектептен тыс мекемелердің 800 астам педагогтары, педагогикалық еңбек ардагерлері, меценаттар, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өкілдері және т.б. қатысады.
«Қазақстанның жаңғыруы 3.0: Павлодар қаласы білім беру жүйесінің үлесі және бұдан әрі дамыту стратегиясы» баяндамасымен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Г.Ш. Қадырбаева сөз сөйлейді.
Пікірталастарда көп тілде оқытуды енгізу, мемлекеттік тілді іске асыру, жаңарту жағдайында қосымша білім беру мазмұнын жаңарту бойынша өзекті мәселелер талқыланады.
Конференцияда ең жақсы мұғалімдерді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет наградтарымен, облыстық мәслихаттың, Павлодар облысы білім беру басқармасының, қала әкімінің мадақтама қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапаттап, құрмет көрсету рәсімі өтеді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша конференцияға педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Салтанатты түрде оларға гүл шоқпарлары мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Білім беру жүйесін дамытуға қосқан маңызды үлестері үшін 3 ардагер педагогтардың аттары «Алтын есімдер кітабына» енгізіледі: олар Сабира Шакенқызы Сеитова, қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы, Мария Николаевна Филинская, №9 мектеп-гимназиясының директоры, Евгения Яковлевна Гуйо, №1 балалар музыкалық мектебінің директоры.
ҰБТ-2017 және білім беру қызметтерінің сапасы жағынан рейтингтік баға қортындылары бойынша 1,0 млн. теңге сомасына мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің ең жақсы педагогикалық ұжымдарына сыйлықақы беріледі.
Конференция шеңберінде «Мектебіме тағзым» акциясының қортындысы шығарылады және жебеушілерге белсенді ат салысқандары үшін құрмет көрсету рәсімі өткізіледі.
Конференция мерекелік ән шашумен (концертпен) аяқталады.

Білім беру жүйесін дамыту қортындылары сандар мен деректерде.

Даму бюджеті
2017 жылы білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын дамытуға деген бюджеті 1,2 млрд. теңгені құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.
Осылайша пайда болған мүмкіндіктер:
- 20 мекмеге күрделі жөндеу жүргізуге;
- барлық оқушыларды жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтармен қамтамасыз етуге;
- 2016-2017 оқу жылының бойында 35 мектепте робототехника кабинеттерін ашуға;
- мектептердің компьютерлік сыныптарын 316 компьютерлермен толықтыруға;
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық мектептердің спорт құрал-жабдықтарын жаңартуға және «Самұрық Қазына» қаражаты есебінен 20 мектепті заманауи жабдықтармен жабдықтауға;
- балалар техникалық мектебіне шеберхана ашуға, оны заманау жабдықтар және станоктармен құралдандыруға;
- 4 мектептің шағын футбол аладарын орнату және жөндеу жүргізуге.
Облыстық «Нұр Отан» партиясымен ұйымдастырылған, Мектебіме тағзым» акциясы барысында, қала мектептерінің түлектерімен жалпы сомасы 15 млн. теңгеге көмек көрсетілді.
Солардың ішінде үздік атанғандар:
- Кенжекөл мектебінің түлегі Ерганат Сайдагалиевич Уйсенбаев;
- №9 мектеп-гимназиясының түлектері Желнов Михаил Анатольевич және Арантаев Канат Оразович;
- Ленинский кентінің №33 мектебінің түлектері Мукантаев Бауржан Шабаевич, Нурумов Суюндик Хамитович, Демесинова Гульнара Махметовна.

Мектепке дейінгі білім беру
Павлодар қаласында 72 мемлекеттік балабақшалар, жалпы орта мектептерінің жанындағы 21 шағын-орталықтар, 9 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. 2017 жылғы шілде айында 200 орынға 4 жекеменшік түріндегі мектепке дейінгі мекемелер ашылды.
3 тен 6 жас аралығындағы балаларды орындармен қамту көрсеткіші 100% сақталып отыр, 2 жастағы балалардың қамтылу көрсеткіші 88 % жеткізілді (2016-86%).

Мектептердің педагог кадрлары
Жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың сапалы құрамы 69% құрайды (2016 - 68,6%).
Оқу жылының басында қала мектептеріне 130 жас педагогтар жұмысқа келеді (2016-146).
Қала мектептерінің 30 мұғалі облыстық және республикалық кәсіби конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Оқулықтармен қамтамасыз ету
Оқулықтармен қамтамасыз етілу жағдайы 100% құрайды.
Бағдарламаларды жаңарту шеңберінде 2,5,7 сыныптар үшін оқулықтар сатып алынды, 1,2-сыныптарға жұмыс дәптерлері алынды, 8-9 сыныптарда көп тілде оқытуды пилоттық енгізу үшін жаратылыстану-математикалық циклдің ағылшын тілінде оқулықтары сатып алынды, мектеп алды даярлық сыныптарына оқу-әдістемелік кешендер, кітапханалардың оқулықтар қорын мемлекеттік тілдегі оқулықтармен толықтыру үшін көркем әдебиеттер алынды. Бөлінген бюджеттік қаражат сомасы - 488,7 млн. теңге (2016 - 263,0).

Көп тілде оқытуды іске асыру
Көп тілде оқытуды енгізу экспериментіне қаланың 23 мектебінен 1749 оқушылары қатысуда (2016 – 12 мектеп, 876 оқушы).
2017-2018 оқу жылында 8 мектептің 8-9 сыныптар оқушылары эксперимент тәртібінде ағылшын тілін пайдалану арқылы химия, физика және биология пәндерін оқуды бастайды. Осы жобаның іске асырылуы ағылшын тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз етілген, көп тілде оқыту сыныптарында жұмыс істейтін мұғалімдерге, оқу жүктемесіне қарамастан ай сайынғы еңбекақысына , республикалық бюджеттен 35,0 мың теңге көлемінде қосымша төлем қарастырылған. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 19 миллион теңге қарастырылды.

ҰБТ-2017 қортындылары
Қла мектептері түлектерінің биылғы жылғы ҰБТ-дағы орташа балы 100 баллды көрсетті, бұл көрсеткіш облыста және республика қалалары ішінде 1 рейтингтік ұстанымды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (2016-84,4).
95 % мектептердің орташа балы республикалықтан жоғары, 86 % - облыстықтан жоғары.
ЖОО түсу үшін, шектік деңгейді алмағандар үлесі 1 % төмендетілді (2016-11%).
100 баллдан артық алаған, түлектер үлесі 55% құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 2,7 есе артық.
№ 29, 20, 7 мектептерінің түлектері өте жоғары нәтиже көрсетті, ранжирования коэффициенті есебімен - №25,37 мектептері.
ҰБТ қортындылары бойынша қала мектептерінің түлектері еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша 364 мемлекеттік гранттарға қол жеткізді, бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Жыл бастамалары

1. Қаланың барлық мектептерінде шахмат кабинеттерін және шахмат ойыны бойынша үйірмелер ашылды, оларға 3000 оқушылар қатысып жүр.
2. 8000 бала мен жасөспірімдердің мақсатты жобаларын іске асыруға мүмкіндік жасаған, қаланың 35 мектептерінде робототехника кабинеттерін ашу (83% мектептер).
3. Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне бару үшін бюджеттен 75,0 млн.теңге бөлінді. Осындай шаралар 2874 күн көрісі төмен отбасылар, көп балалы отбасы балаларын, жетім және атанысының қамқорлығысыз қалған балаларына, оқу озаттарына және 16 мың 4-11 сыныптарының зияткерлік конкурстар мен олипиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, көркем суретшығармашылығының сайыстары, үздік спортсмендеріне Астана қаласы бойынша саяхатымен толық турды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
4. Күн көрісі төмен отбасылар, көп балалы отбасы балаларына, жетім және атанысының қамқорлығысыз қалған балаларға, оқу озаттарына, оқуда, шығармашылық жарыстарда, спортта жақсы нәтиже көрсеткен, қала мектептерінің оқушыларына Мичурин аулында150 орындық жыл бойы жұмыс істеп тұратын «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының ашылуы. Оқу жылының бойында орталықта 2700 баланы сауықтыру жоспарланып отыр. Орталықтың қызметін ұйымдастыру үшін 2017 жылы 59 млн. теңге бөлінді, 100 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі