Павлодар қаласы педагог жұмыскерлерінің тамыз кеңесі Естай атындағы мәдениет сарайында 2017 жылғы 26 тамызда өтті.
Конференцияның тақырыбы - «Қазақстанның жаңғыруы 3.0. - білім үлесі».
Конференцияға жалпы орта мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің, мектептен тыс мекемелердің 800 астам педагогтары, педагогикалық еңбек ардагерлері, меценаттар, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысты. Қалыптасқан дәстүр бойынша конференцияға педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды.
«Қазақстанның жаңғыруы 3.0: Павлодар қаласы білім беру жүйесінің үлесі және бұдан әрі дамыту стратегиясы» баяндамасымен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Г. Ш. Қадырбаева сөз сөйледі.
Пікірталастарда көп тілде оқытуды енгізу, мемлекеттік тілді іске асыру, жаңарту жағдайында қосымша білім беру мазмұнын жаңарту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияда ең жақсы мұғалімдерді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет наградтарымен, облыстық мәслихаттың, Павлодар облысы білім беру басқармасының, қала әкімінің мадақтама қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапаттап, құрмет көрсету рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен:
Қорлан Қабдулқызы Демеуова, №36 ЖОМ неміс тілі мұғалімі
Зауреш Жақсылыққызы Қалиева, білім беру бөлімі ұйымдастыру секторының меңгерушісі
Асия Сапарбекқызы Дюсембекова, білім беру бөлімі қамқоршылық және қорғаншылық секторының бас маманы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты:
Сабира Жамбылқызы Әлімова, білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері.
Облыстық мәслихаттың алғыс хаты:
Наталья Васильевна Герусова, №2 балалар көркем сурет мектебінің басшысы, Манат Кәмілқызы Әубакірова, № 35 ЖОМ орыс тілі мұғалімі.
Павлодар облысы білім беру басқармасының құрмет грамотасы:
Алия Ашкенқызы Әжібаева, №14 ЖОМ директоры, Шолпан Абдрахманқызы Жүнісова, № 41 сәбилер бақшасының басшысы, Гаухар Абуқызы Бекмурзинова, № 22 ЖОМ директорының орынбасары, Жанна Қайыргелдіқызы Темірова, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы басшысының орынбасары, Светлана Николаевна Барвих, №28 ЖОМ география мұғалімі, Руслан Борисович Ильясов, балалар техникалық мектебінің қосымша білім беру педагогі, Наталья Александровна Еленич, №34 ЖОМ орыс тілі мұғалімі, Гамал Қайыргелдіұлы Күлжанов, Кенжекөл ЖОМ тарих мұғалімі, Галина Евгеньевна Шалаева, № 4 сәбилер бақшасының тәрбиешісі.
Павлодар облысы білім беру басқармасының алғыс хатымен:
Куаныш Төлегенұлы Қыдралин, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы, Гүлзат Нұрсапиқызы Ахмеджанова, №25 ЖОМ директор орынбасары, Валентина Николаевна Веселова, № 96 сәбилер бақшасының тәрбиешісі, Жанар Жұмағылқызы Жақсылықова, №16 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, Надежда Юрьевна Крюковская, № 39 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі, Лариса Алексеевна Кузнецова, № 1 балалар көркем-сурет мектебінің қосымша білім беру педагогі, Марина Петровна Куклина, №43 ЖОМ кітапханашысы, Қымбат Галлямқызы Матай, № 40 ЖОМ логопеді, Римма Павловна Филиппова, №126 сәбилер бақшасының тәрбиешісі, Татьяна Иосифовна Харитонович, № 20 мектеп-лицейінің математика мұғалімі.
Павлодар қаласы әкімінің сыйлығымен марапаттау:
Назымбек Жәпішұлы Тасыбаев, Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері, Алена Михайловна Казанцева, №42 сәбилер бақшасының басшысы, Азамат Жанайдарұлы Сыздықов, № 33 ЖОМ директоры, Елена Александровна Попова, №1 балалар музыкалық мектебінің қосымша білім беру педагогі, Алмас Сансызбайұлы Серикбаев, №19 ЖОМ информатика мұғалімі.
2016-2017 оқу жылының қортындысына сәйкес білім беру қызметтерінің сапасы бойынша оқу-тәрбиелеу процессіндегі жоғары рейтингтік көрсеткіштері үшін білім беру мекемелерін марапаттау:
1 миллион теңге көлеміндегі сертификат: № 25 ЖОМ, №29 сәбилер бақшасы.
ҰБТ-2017 қортындысы бойынша жоғары нәтижелері үшін мектептерді марапаттау:
1 миллион теңге көлеміндегі сертификат, № 29 ЖОМ педагогикалық ұжымы.
«Мектебіме тағзым» акциясына белсенді қатысқаны үшін:
Ерғанат Сайдағалиұлы Уйсенбаевқа сертификат табысталады, «SANBAO КТК CO LTD» ЖШС директоры.
Павлодар қаласының білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлестері үшін, педагогикалық еңбек ардагерлерінің есімі «Алтын есімдер кітабының» тізіміне енгізілді:
Сабира Шакенқызы Сейітова, Мария Николаевна Филинская, Евгения Яковлевна Гуйо.
Конференция мерекелік концертпен аяқталды.