ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Мектепке жол» республикалық акция туралы
06-09-2017 05:09

«Мектепке жол» акциясы шеңберінде 2017 жылғы 1-қыркүйектегі жағдай бойынша көмекті қажет ететін балаларға 1-тамыздан бастап көрсетілген көмектің жалпы сомасы 27, 0 млн. теңгені құрайды, сондай ақ демеушілер есебінен 12,0 млн.теңге. Көмек алған балалар саны 3500 адамды құрайды.
2017 жылғы 25 - 30 тамыз аралығында «Ауыл балаларына — мектепке деген сыйлықтар» акциясы өткізілді. Акция шеңберінде Ленинский, Жетекші, Павлодарское, Кенжекөл ауылдарының балаларына көмек көрсетілді. Акцияны өткізуге «Квазар», «Манакбай» сауда үйлернің, жәрмеңке кешенінің, «ЭКСИСИ КАЗ» фирмасының жеке кәсіпкерлері белсенді қатысты және 200 астам оқушыларға 4,0 млн. тенге сомасына мектеп киім-кешегін, аяқ киім және кеңсе тауарларын ұсынды.
2017 жылғы 25-28 тамыз аралығында «Баланы мектепке жинаймыз» акциясы шеңберінде 1200 астам оқушыға кеңсе тауарлары, мектеп формасы, киім кешек және аяқ киім түрінде көмек берілді. Оқушыларды арқаға асатын сөмкелермен, кеңсе тауарларымен, киім-кешек және аяқ киімдермен қамтамасыз етуге көмектескендер: «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС, «Жастар гвардиясы» жастар қоры, Павлодар қаласының добряктар клубы, конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары.
«Твори добро» акциясы бойынша оқу жылының басында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 30-дан астам орқушылары «Динара» сұлулық салонына барды, онда оларға тегін шаш қиу қызметтері ұсынылды. «Твори добро» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады және 10 астам оқушыларға жыл бойы салонда тегін қызмет көрсетіледі.
«Первый раз в первый класс» акциясы шеңберінде бірінші сыныпқа келген 60 балаға көмек берілді. Балаларға ішіне кеңсе тауарлары салынған арқаға асатын сөмкелер таратылды. Оқушыларды ішіне кеңсе тауарлары салынған арқаға асатын сөмкелермен қамтамасыз етуге «Канцелярская планета» фирмасы, «Народный банк Казахстана» АҚ, Қазақстанның Евразиялық банкі, Павлодар қаласының добряктар клубы, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ» көмектесті.
«Мектепке жол» республикалық акциясы 30-қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі