kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3029498
Бір айда111029
Бір аптада18355
Кеше3611
Тәулік58
«Жыл мұғалімі - 2017» қалалық сайысы туралы
11-09-2017 06:20

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибені жинақтап тарату, оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттыруды тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс істейтін, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында жыл сайын қалалық «Жыл мұғалімі» сайысы өткізіледі.

Сайысқа қатысу үшін 39 қала мектептерінен (№ № 1,2, 4, 5,6, 7,9, 11, 12, 13, 14, 15,16,17, 18,19, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30,31,32, 33, 35, 36, 37,38, 39, 40,41, 42, 43, Жетекші ЖОМ) 39 мұғалім тапсырыс берді (география - 2, бастауыш сынып - 7, ағылшын тілі - 6, тарих - 5, қазақ тілі - 10, орыс тілі-3, математика - 1, физика - 1, өзін-өзі тану - 1, дене шынықтыру - 2, информатика - 1). Педагогикалық өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін «Үміт» аталымының қатысушалары - 12 педагог, педагогикалық өтілі 6 жылдан 15 жылға дейін «Шеберлік шыңы» аталымына 18 қатысушы, педагогикалық өтілі 16 жыл және одан жоғары «Шоқ жұлдызы» аталымына 9 қатысушы іріктелді. Педагогтардың көпшілігі «Шеберлік шыңы» аталымы бойынша сайысқа қатысуға ниет білдірді.

Бірінші іріктеу кезеңі шеберлік-сынып «Менің инновациялық тәжірибем» 2017 жылғы 12 қыркүйекте «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығында, екінші кезең - «Кәсіби шеберлік» (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) - 2017 жылғы 18, 19 қыркүйекте № 25, 39 ЖОМ-да өткізіледі.

Әділ қазылар алқасының мүшелері білім беру бөлімінің, жоғары оқу орны өкілдері, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қала мектептерінің жоғары санатты тәжірибелі мұғалімдерінің қатарынан құрылды.

Бірінші іріктеу турының қорытындысы бойынша сайыскерлер соңғы кезеннің қатысушылары болады.

«Жыл мұғалімі - 2017» қалалық сайысының жеңімпаздары «Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинацияларында анықталады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі