ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кеңес беру сағаттары
12-09-2017 05:19
Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кеңес беру сағаттары

2, 5 және 7-сыныптарда пәндерді оқыту негіздері бойынша мазмұнын жаңарту шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен 2017 жылғы  5 - 8 қыркүйек аралығында № 4, 7, 22, 28, 36 ЖОМ базасында, Павлодар облысы бойынша педагог жұмыскерлердің БАИ «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалында кеңес беру сағаттары өткізілді. Кеңес беру сағаттарына 400 астам мұғалімдер қатысты, солардың қатарында қазақ және орыс тілді мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері, 2-сынып мұғалімдері, сондай ақ 5, 7-сыныптардың математика, физика, география, биология, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінің мұғалімдері.

Кеңес беру сағаттарында барлық оқу пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, 2017 - 2018 оқу жылдарына нұсқаулық-әдістемелік хаттарды жасау, формативті және суммативті тапсырмаларды құру критерилерінің мәселесі қарастырылды және талқыланды. Жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету үшін пәндер бойынша уақытша шығармашылық топтар құрылды. Жаттықтырушылармен нақты жауаптар, ұсыныстар берілді және орын алған проблемаларды шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, бағалау жүйесі, мектеп құжаттарын жүргізу, электронды және қағаз жүзіндегі журналды толтыру мен 2, 5, 7-сыныптарда қортынды баға қою, формативті және суммативті тапсырмаларды өткізу мерзімділігі бойынша конструктивті сұхбат жүргізілді.

М. В. Подолец, Е. В. Рязанова, жаттықтырушылар, педагог жұмыскерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары, Е. Н. Асютина, Л. Мухина, № 28, 33 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, А. В. Резник, Е. И. Прасоленко, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері,  № 21 ЖОМ география пәнінің мұғалімі Г. Б. Есмакаева, әдістемелік бірлестіктердің меңгерушілері, мектептердің координаторлары Кеңес беру сағаттарындағы белсенді кеңес берушілер болды.

Мұғалімдерге көмек беру мақсатында білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен кеңес беру-педагогтарының онлайн лабораториясы жұмысы, қалалық желілік қоғамдастығының, пәндер бойынша шығармашылық топтардың жұмысы ұйымдастырылды.