ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балдәурен - достық алаңы
12-09-2017 09:35
Балдәурен - достық алаңы

Міне, «Балдәурен - достық алаңы» атты екінші маусым да ашылды. «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына Павлодар қаласы мектептерінің 70-тен астам оқушылары келді.

Лагерьдегі алғашқы күні бір-бірімен өзара қарым-қатынастарын орнату, жақындастыру және  тіл табысу үшін балалар тимбилдингі өткізілді.

12 қыркүйектен бастап «Иртыш» ФК ұйымдастыруымен орталықта Хенд Мейд бағыты бойынша қыздарға арнап шеберлік класстар өткізіледі. Тәжірибелі шеберлер қыздарды өз қолдарымен керемет әшекейлер жасауға және қол өнерінің әр алуан түрлеріне үйретеді.

Орталық  бағдарламасында  көңілді, музыкалық шаралар, қызықты спорттық жарыстар және әр алуан квестер жоспарланған.

Дем алу мерзімінде балалар зияткерлік ойындарға, экологиялық ойындарға, спорттық жарыстарға, театрландырылған қойылымдарға қатысып, бір-бірімен қуаныштарымен бөлісіп, сәттік шақтарын  көбейтеді. Өйткені «Балдәурен» - ол балалар планетасы.