ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ең тату отбасы
12-09-2017 10:04
Ең тату отбасы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту  және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2017 жылғы 8 қыркүйекте «Ең тату отбасы» атты спорттық-ойын эстафетасы өткізілді. Эстафета қалалық мәдениет саябағында өткізілді және Қазақстандық отбасы күніне арналды. Іс-шараның мақсаты - отбасылық құндылықтарды құрмет тұтуға тәрбиелеу, балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, отбасылық бос уақытты ұйымдастыру.

Эстафетаға 125 адам қатысты - № 1, 2, 4, 7, 11, 12, 15, 16, 18, 20, 22, 26, 28, 31, 33, 34, 37, 39, 43, Жетекші ЖОМ оқушыларының 20 отбасы. Бағдарлама шеңберінде қатысушылар командаларын ұсынды, зияткерлік тапсырмаларды орындады, көркем өнер, вокалдық қабілеттерін көрсетті, спорттық жарыстарға қатысты.

Көңілді жалын, тапқырлық пен спорттық дағдылары № 43 ЖОМ Мухаметжановтар отбасына I-орынды алуға ықпал етті, II-орынды № 4 ЖОМ  Яцкевичтер отбасы қанжығасына байлады, № 1 ЖОМ Назарбаевтар отбасы III-орынға қол жеткізді. Мухметжановтар отбасының құрамында әкесі, анасы, 5-сынып оқушысы Азамат және 4-сынып оқушысы Айгерімдер болды. Іляс Мухаметжанов - «Отбасы күні» - ол отбасылық құндылықтарды сақтап қалуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, толеранттылық пен ұлтаралық келісімге бағытталған, жаңа және жас мереке болып табылады. Отбасы күнін мерекелеу рухани-адамгершілік және ағартушылық мағанасына ие, біздің қоғамымызда моральдік ахуалды сауықтыруға айтарлықтай үлес қосуға икемделгенін» атап өтті.

Осы шараға белсенді қатысқандары үшін Баглаевтар отбасы (№ 39 ЖОМ),  Шороховтар (№ 26 ЖОМ), Елемес (№ 37 ЖОМ), Турчак (№ 16 ЖОМ), Садыковтар (№ 15 ЖОМ), Шевченко (№ 34 ЖОМ), Нұржановтар (№ 7 ЖОМ), Ержановтар (№ 12 ЖОМ), Жартаевтар (№ 20 ЖОМ),  Багаутдиновтар (Жетекші ЖОМ), Идрисовтар (№ 22 ЖОМ), Сериковтар (№ 33 ЖОМ), Манафовтар (№ 16 ЖОМ), Мучкиндер (№ 11 ЖОМ), Глученко (№ 18 ЖОМ), Кожановтар (№ 28 ЖОМ), Ахметовтар (№ 2 ЖОМ) отбасылары грамоталармен марапатталды.