ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің инновациялық тәжірибем
14-09-2017 06:12
Менің инновациялық тәжірибем

Павлодар қаласының білім беру бөлімі оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибені жинақтап тарату, оқытудың  әдістері мен тәсілдерінің пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру, оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттыруды тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында қалалық «Жыл мұғалімі» сайысын өткізді.

Сайыс 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - шеберлік-сағаты 2017 жылғы 12 қыркүйекте «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында өткізілген «Менің инновациялық тәжірибем» тақырыбы бойынша іріктеу кезеңіне № 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9,11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, Жетекші мектептерінен 39  мұғалім қатысты (география – 2 мұғалім, бастауыш сынып - 7 мұғалім, ағылшын тілі - 6 мұғалім, тарих - 5, қазақ тілі - 10, орыс тілі - 3, математика - 1, физика - 1, өзін - өзі тану - 1, дене шынықтыру - 2, информатика - 1).

Әділқазылар алқасының құрамында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, директорлар, директор орынбасарлары, қала мектептерінің жоғары санатты тәжірибелі мұғалімдері болды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 15 қатысушы финалға өтті. «Үміт» аталымы бойынша № 29, 38 ЖОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Алтынгүл Арманқызы Исполова, Айжан  Байғамитқызы Тулеуова, № 18 ЖОМ география мұғалімі Заина Азаматқызы Амиркаирова, № 2 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Нурбике Геннадьевна Кайрбаева, № 7 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Әсем Жанатқызы Сулеева, «Шеберлік шыңы»  аталымы бойынша № 32 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Әсемгүл Жиксимбайқызы Уныйбаева, № 13, 40, 25 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімдері Ильмира Ерганқызы Оспанова, Алеся Михайловна Галаган, Әсемгүл Нұрмаханбетқызы Сачанова, №15 ЖОМ тарих мұғалімі Гүлназ Жанатқызы Кашенова,  № 26 ЖОМ информатика мұғалімі Марина Николаевна Литвинчук, «Шоқ жұлдызы» аталымы бойынша № 37 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Гүлсім Амангелдіқызы Дүйсенбина, № 28 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Светлана Ивановна Давыдова, № 39 ЖОМ орыс тілі мұғалімі  Светлана Анатольевна Сабирова, № 21 ЖОМ тарих және география мұғалімі Гүлмира Болатқызы Есмақаева.

Сайыстың екінші кезеңі «Ұстаз шеберлігі» (таныс емес сыныпта ашық сабақ беру) 2017 жылы 18, 19 қыркүйек күндері өткізілетін болады. Финал кезеңі бойынша жеңімпаздарды Мұғалімдер күніне арналған қалалық мерекеде марапаттайды.