ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-әдістемелік жиындар
21-09-2017 08:30
Алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-әдістемелік жиындар

Павлодар қаласының білім беру бөлімі қорғаныс істері басқармасымен бірлесе 2017 жылғы 14 - 16 қыркүйек аралығында қаланың жалпы орта мектептеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен 3 күндің оқу-әдістемелік жиындар өткізілді.

Жиындарды өткізу бағдарламасына сәйкес бағыттаушы кеңесте Павлодар қаласының ҚІБ бастығы подполковник А. Кнышбаев пен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н.Ж. Тасыбаев сөз сөйледі.

3 күн ішінде жиынға қатысушылар алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқу-материалдық базаны күшейту, оқу бағдарламасындағы өзгерістермен және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жасау, оқу орындарындағы өртке қарсы қауіпсіздік шараларымен, адам өмірінің қауіпсіздік негіздерімен, әскерге шақыру орындарында  азаматтардың жазылуын дайындау және ұйымдастыру туралы, үміткерлерді әскери ЖОО іріктеп алу шараларымен таныстырылды.

Сондай ақ қатысушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қолданбалы спорт түрлерінен ұйымдастырылатын қалалық шаралар туралы, рейтингтік жүйе енгізу бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

Жиын қатысушылары 6679, 5512 әскери бөлімшелеріне барды. Әскери бөлімшелерге бару кезінде бірлескен әскери-патриоттық шаралар ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары әскери-қолданбалы дағдылары бойынша нормативтер тапсырды.