ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың спортпен шұғылдануын дамыту
21-09-2017 10:09
Оқушылардың спортпен шұғылдануын  дамыту

2017 жылдың 20 қыркүйегінде «Оқушылардың спортпен шұғылдануын  дамыту және нашақорлыққа қарсы күресу» атты республикалық акция аясында № 25 ЖОМ қабырғасындаүстел теннисі, футбол, баскетбол бойынша жарыстар өтті. Жарысқа № 25, 24, 42 мектептерінен 60 оқушы қатысты.

Сайыс нәтижесі бойынша футболдан І орынды № 42 ЖОМ, ІІ орынды № 25 ЖОМ, ІІІ орынды № 24 ЖОМ оқушылары иеленсе, баскетболдан І орынды № 25 ЖОМ, ІІ орынды № 24 ЖОМ, ІІІ орынды № 42 ЖОМ оқушылары иеленді. Үстел теннисінен жүлделі орындарды № 25 ЖОМ оқушылары алды.

«Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Оқушылардың спортпен шұғылдануын  дамыту және нашақорлыққа қарсы күресу» атты акция  елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауының басты бір бағыты болып табылады. Оқушылардың дені сау, жан-жақты дамыған азамат болып ер жетуіне педагог жауапты болады», - деп, мектеп директорының міндетін атқарушы Гульзат Нурсапиновна Ахметжанова атап өтті.