ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үрмелі аспаптарының мүмкіндігі
22-09-2017 15:11
Үрмелі аспаптарының мүмкіндігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі облысымызда ескі музыкалық оқу мекемесі болып табылады. Мектебімізде аспаптар «мол», балалар үлкен қызығушылықпен ойнайды. Үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің дауыстары «зор» саналады.  Бөлімде 8 педагог жұмыс жасайды, алты мамандық бойынша 56 оқушы білім алады: ұрмалы аспаптар, флейта, блок-флейта, кларнет, саксофон, керней. Қаланың барлық музыка мектептері арасынан біздің мектебімізде ғана балалар керней және ұрмалы аспаптарда ойнай алатынын атап кеткен жөн.

Мектепте жаңа ұрмалы аспаптар кабинеті заманауи музыкалық аспаптармен безендірілген және жинақталған. Балалардың маримбофон, ксилофон, ұрмалы орнату, сандық фортепиано сияқты аспаптарда ойнау мүмкіндігі бар. Жас, талантты педагогтар: Андрющенко Александр Александрович, Макаров Константин Сергеевич, Лысова Евгения Михайловна жұмыстың жаңа нысандарын белсенді енгізеді, балалардың шығармашылық ойын дамытады, қала және облыстың әр түрлі алаңдарында өнер көрсете отырып, балаларға жеке мысал көрсетеді.

Бөлім оқушылары облыстық және республикалық конкурстар, халықаралық фестивальдердің жеңімпаздары мен лауреаттары болып табылады. «Джеликс» саксофоншылар ансамблі, қалалық бірнеше жас музыканттар конкурстарының лауреаттары, Домбровский Шандор, қалалық жас музыканттар конкурсының лауреаты, Қайыржан Архат және Домарь Эдуард, Л.Хамиди атындағы халықаралық конкурсының лауреаттары. Түлегіміз, Еркенов Сұлтан, Испанияда өткен фестиваль-конкурсының лауреаты, 48-ші облыстық жас музыканттар конкурсының лауреаты, қазіргі уақытта оқуын «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған мектеп-интернат кешенінде жалғастыруда.

«Мектептің ұрмалы-үрмелі бөлімшесі өсуде, жас ұстаздар жұмысына оқытудың заманауи технологияларын енгізеді, осы тамаша және жөнсіз ұмытылған музыкалық аспаптар үйренуге зор қызығушылық байқалады», - деп атап өтті мектеп басшысының орынбасары Евгения Николаевна Прокопенко.