ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлкені зерттеп білеміз
26-09-2017 05:22
Туған өлкені зерттеп білеміз

«Экспо - 2017» көлемінде «Қазақстан - менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғатты зерттеушілердің республикалық форумында облыстық жалпы орта білім беру мектептерінің тоғыз оқушылары, оның ішінде № 30 ЖОМ оқушысы, Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушісі Данеля Маденова, № 37 ЖОМ оқушысы Тамерис Қайкен, № 39 ЖОМ оқушысы Алишер Байбатчинов Павлодар облысын ұсынды, жетекшілері орталық ұстазы - Светлана Михайловна Боровикина болды. Фестиваль 2017 жылғы 21 - 23 қыркүйек күндері аралығында Орал қаласында өткізілді.

Форум бағдарламасының көлемінде зерттеу жобаларының қорғауы, «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы,  «Құс қанатындағы арман» экологиялық акциясы, атриум шеберлік сыныбы эко-әрленушілер сайысы мен экологиялық квест өткізілді.

Облыс құрамасы «Жасыл оазистер» эко-әрленушілердің сайысына қатысып, «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» аталымдарында жобалар мен «Эко-әлем» аталымында бейнеролик ұсынды. Форум қорытындылары бойынша Павлодар облысының құрамасы «Құтқару шеңбері» экологиялық квесты аталымында I дәрежелі дипломмен марапатталды. Форумның барлық қатысушылары Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қатысу сертификаттары, жетекші Светлана Михайловна алғыс хатымен марапатталды.

Қатысушылар облыстық туризм және экология орталығының «Евразия» мәдени-сауықтыру кешенінің аумағында катальпа көшеттерін отырғызды. «Ақжайық - ару мекенім» экскурсиясы, К. Мырза-Али атындағы өнер және мәдениет орталығы мен мұражайларға бару ұйымдастырылды.