Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұстаз-тәлімгерлерден үйренеміз
05-10-2017 03:49
Ұстаз-тәлімгерлерден үйренеміз

Павлодар қаласының № 1 Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде тәлімгерлік бойынша жұмыс шеңберінде жас педагог мектебі жұмыс жасайды, жетекшісі фортепиано бөлімінің педагогы Елена Александровна Попова.

«Музыкалық білім әрдайым жаңаруды талап етеді. Тәжірибелі мамандардың кәсібилігі мен шеберлігі және жастардың бастамашылдығы, дәстүрлі жұмыс тәртібі мен алдыңғы идеяларды үйлестіру, даналық және жастық шақ бүгінгі білім беру жүйесін дамытуды, білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді», - дейді мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская.

Соңғы 3 жыл ішінде мектеп ұжымына 8 жас маман келді, Павлодар, Алматы қалаларындағы музыкалық колледждер, Қазақ ұлттық өнер университетінің бітірушілері.

Жас ұрпақ алғашқы күннен бастап педагог-тәлімгерлерден  әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек алады. Олар оқушылармен, ата-аналармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізеді, заманауи оқыту әдістемелерін талқылайды. «Жас педагог мектебі әрбір жас педагогтың шығармашылық қызметінің жеке меншік стилін қалыптастырады», - деп атап өтеді басшы.

Жас, болашағы бар педагогтар Александр Александрович Андрющенко, Константин Сергеевич Макаров, Евгения Михайловна Лысованың педагогикалық қоржынында қалалық, облыстық конкурс жүлдегерлер оқушылары бар, конференцияларда баяндама жасап, қалалық шараларда концерттік номерлерді қояды.