kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3029498
Бір айда111029
Бір аптада18355
Кеше3611
Тәулік58
Қала мектептері оқушыларының география бойынша олимпиадасы
11-10-2017 05:12
Қала мектептері оқушыларының  география бойынша олимпиадасы

2017 жылы 10 қазанда № 7 ЖОМ негізінде  Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  7 - 8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.Олимпиадаға қаланың № 1, 5, 6, 7, 9, 12,16, 17, 25, 26, 28, 29,  33, 34, 36, 39, 42 мектептерінен 27 оқушы қатысты. Мақсаты - география бойынша олимпиядалық резерв мектебін  құру, қалалық деңгей олимпиадасына оқушылардың дайындық жүйесін жетілдіру.

Бес тапсырма ұсынылды,қатысушылар  өз жауаптарын олимпиада әділ қазылар мүшелеріне ауызша баяндады.Қалалық олимпиада қорытындысы бойынша I орын № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ишимцева  Екатерина, II орын № 28 ЖОМ 8 сынып оқушысы Полищук Юлия, III орын № 16 ЖОМ  8 сынып оқушысы Искаков Санжар алды. Барлық олимпиада қатысушылары сертификат алды. Олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін орталықтың  Құрмет грамотасымен № 33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Шаймарданов Нұрмұхаммед марапатталды. Қалалық олимпиаданың  жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері қазан айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.