Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық сараптаманың нәтижелері
12-10-2017 04:32
Республикалық сараптаманың нәтижелері

«Үздік авторлық бағдарлама - 2017» республикалық конкурсының қалалық іріктеу кезеңіне қатысуға 106 педагог тілектерін білдірді, 47 педагог жеңімпаздар және жүлдегерлер атағына ие болды.

Облыстық конкурс нәтижелері бойынша қала педагогтерінің 13 авторлық бағдарламасы республикалық сараптамаға жіберілді, соның ішінде 13 педагог, 11 бағдарламаның авторы 2017 жылғы 8 - 9 қараша күндері Алматы қаласының «Алатау» шипажайында өткізілетін республикалық конкурстың соңғы кезеңінде бағдарламаларын қорғауға рұқсат берілді.

«Үздік авторлық бағдарлама - 2017» республикалық конкурсының финалдық кезеңінде қала мектептерінің педагогтері өзінің жұмыстарын ұсынды: № 16 лицей-мектебінің, № 34 ЖОМ биология мұғалімдері Е. Л. Чайковская, В. В. Бедринец, № 17 ЖОМ география  мұғалімі М. О. Жакупов, Кенжекөл ЖОМ, № 20 лицейдің тарих пәні мұғалімдері Г. К. Күлжанов, Е. Т. Марзатаев, № 34 ЖОМ, № 22 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері Е. С. Никитина, А. Н. Жекеева, № 34 ЖОМ информатика пәні мұғалімі И. О. Поляков, № 1 ЖОМ, № 26 ЖОМ технология мұғалімдері Т. И. Перфильева, Н. А. Стремцова, № 2 Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогі Е. И. Юминова, № 96 балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі және әдіскер А. Б. Бесаева, Н. А. Бессонова.