ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық байқаудағы жас жеңімпаздардың зор женісі
17-10-2017 06:36
Халықаралық байқаудағы  жас жеңімпаздардың  зор женісі

2017 жылдың  қыркүйек айында Алматы қаласы  А. Кастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн  мектебінде  көрме өтті, оның барысында  «Балалар әлемді суреттейді» ИСЕСКО  жобасының  соңғы іріктеу туры өтті. Көрме экспозициясы бес жас санаттына бөлінген 3 - 17 жас. Жіберген суреттер, ислам әлемінің 50 елінен де көп. Жіберген жұмыстар әр-түрлі болды  және  әр-түрлі орындау техникасымен, тақырыбымен,  күрделі деңгейімен  ерекшеленді.

Байқауға облыстық іріктеу сайысы турының қорытындысы бойынша  өңірдің  мектеп оқушыларының 200 жұмысы  жіберілді. Осы байқауға қатысу № 2 мектептің  оқушыларына  және  олардың жетекшілеріне өте сәтті болды.  Көрмеге  облыстан  барлығы 67 жеңімпаздың жұмысы ұсынылды, оның ішінде № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушыларының  39 суреті.

Мектеп оқушылары барлық  5  жас  санат  бойынша жеңімпаздар болып шықты: бейнелеу өнері студиясының  ең кішкентай 7 оқушысы (4 - 6 жас), бастауыш сыныбынан 3 бала (7 - 8 жас),  нөлдік сыныбынан 14 оқушы

 (9 - 10 жас), 5 оқушы (11 - 13 жас),  жоғары сыныбынан  10 оқушы (14 - 17 жас). Оқушылардың жұмыстары әр-түрлі кесте техникасы және кескіңдемесі бойынша орындалған: пастель, гуаш, фломастер, майлы бояулар аралас техникасы бойынша. Узканова Маргарита жоғары сынып оқушысының  көркем бейнелерін қағаздан қиып алу техникасы бойынша орындаған «Аңыз» Блок Юлии, «Би» жұмыстары өте қызықты және белсенді. Стажкова Ангелина, Косьмина Дарья және Басок Екатеринаның «Сырға мен жүзік» бірегей зергерлік жиынтықтары ұсынылды. Мацерук  Каринаның туған Қазақстанға  арналған  «Дала жерлері» киізден жасалған  айрықша жұмысы өзінің жарқын күн сәулесінің  әрімен ерекшеленеді.

Байқау қорытындысы бойынша  байқаудың  жас дипломанттарының көбейтілген жұмыстарымен  кітап шығарылады. Жеңімпаздарға диплом беріледі, қай қатысушының жұмысы кітаптің мұқабасын әшекейлейді, сол қатысушыны арнайы силықпен марапаттайды, ұстаздар-жетекшілер, қатысушылар-жеңімпаздар сертификатпен марапатталады. Қазылар алқасы құрамында «Балалар әлемді суреттейді» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшелері жұмыс істеді, Қазақстан суретшілер одағының мүшелері көркем өнер академиясының академиктері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік силық лауреаттары. Жоба Алматы қаласы, ЮНЕСКО және ИСЕСКО жұмыстары бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясы, мемлекеттік мәдениет және  шығармашылық  білім беру бойынша  Орталық Азияда және Ислам ұйымында  білім беру, ғылым және мәдениет  мәселелері жөніндегі ИСЕСКО обсерваториясының  қолдауымен «Балалар әлемді суреттейді» қоғамдық қорымен ұйымдастырылды.