ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 121 балабақшасындағы жаңа ойын дәліздері туралы
18-10-2017 04:34

2017 жылдың 18 қазанында сағат 10.30-де Павлодар қаласының №121 балабақшасындағы (Бестужева көшесі, 4) жаңа 4 ойын дәліздерінің ашылуы өтеді. Оның құрылысына қалалық бюджеттен 4 480000 мың теңге бөлінді, аталмыш жұмыстарды «Тәңірберген» ЖШС жасады.
Балабақшада жас ерекшеліктеріне қарай 13 топ бар, сонымен бірге 5 топ мемлекеттік тілде. Мектепке дейінгі мекемеге 376 бала барады.
Балабақшада балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдай жасалған, дене шынықтыру және музыкалық бөлмелер, заманауи құралдармен жабдықталған психолог, логопед кабинеттері бар, балғындарға арналған хауыз да жұмыс істейді.
Шағын нысандары, құмсалғыштары, спорттық жабдықтары бар жаңа ойын алаңдары кез-келген уақытта сауықтыру шараларын өткізуге септігін тигізеді.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі