ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыкалық мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы
18-10-2017 06:05
Музыкалық мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы

2017 жылдың 18 қараша айында Павлодар қаласының №2 Балалар музыкалық мектебінде күрделі жөндеуден кейін презентация өтті.

2017 жылы облыстық және қалалық бюджет есебінен мектептің толық жөндеу жұмыстары жүргізілді (төбесі, қасбеті, оқу бөлмелері, пластикалық терезелер күрделі жөнделді), қоршаулар жаңартылды, мектеп аумағы асфальтталған.Барлық жөндеу жұмыстарына 51,8 млн. теңге жұмсалды. Жөндеу жұмыстары «Связьдеталь» ЖШС құрылыс ұйымымен жүргізілді. Сонымен қатар, «Связьдеталь» ЖШС мектеп кіреберісін тегін жөндеп, қосымша пандус орнатып берді.

Мектепте жалпы 12 музыкалық аспабынан 250 оқушы білім алады (фортепиано, синтезатор, скрипка, виолончель, домбыра, қобыз, жетіген, баян, классикалық гитара, электрогитара, вокал, хорда ән айту). Мектеп оқушылары «Озорная весна», «Зимняя карусель», «Фесталония», «Золотое сечение», «Сибирь зажигает звезды» халықаралық, «Дионис», «Волшебный путь искусства», Л. Хамиди атындағы республикалық, «Әнші балапан» облыстық конкурстарының лауреаттары мен дипломанттары болып табылады.

Мектебіміз осы жылы «Самұрық қазына» АҚ қорынан 3,3 млн. теңге сыйлыққа алып, жаңа музыкалық аспаптарды сатып алды.