ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Портрет кестесі
19-10-2017 03:45
Портрет кестесі

2017 жылдың  10 қазанында  № 2 Балалар көркемсурет мектебінде оқушылар жұмыстарының ерекше «Портрет» көрмесі ашылды. Оның ерекшелігі, мұнда соңғы 15 жыл ішінде жиналған   «алтын»  мектеп қоры жұмыстарының  бар болуы.

Көрмеде мектеп оқушыларының әр-түрлі кесте техникасы бойынша орындалған ең үздік портреттері ұсынылған. Мұнда көмірмен және сангинмен, жай қарындашпен және пастельмен, түрлі-түсті қарындашпен және қара сиясы бар қаламмен,  ақ  және қарайтылған қағаздағы акварельмен және аралас техникасы бойынша орындалған  портреттерді  көруге болады. Әрбір  кәсіби суретші портрет жанры бойынша жұмыс істеу қабілетін иелене алмайды. Өйткені адамды бейнелеу үшін адам құрылысын, тұлғасы мен бейнесінің тамаша үйлесімін, күрделі заттар және дамыған дәл көзбен  шамалау және байқағыштау жарық-көлеңкелі үлгісін  жетік орындауын   білу және орындау керек. Портрет сипатын және ұқсастығын түсіну үшін, тұлға сипаттамысында бір миллиметрге де қателеспеу қажет. Ең күрделісі мінез портретін салуды үйрену, балар көркемсурет  мектебінің  бағдарламасы  оқушыларды жоспарлы түрде және дәйекті түрде бұған дайындауда, шындығында бұл  бүкіл суреттер мен кескіндеме оқуының қорытындысы.

Портреттердің барлық түрлері көрмеде бар: ірі жоспармен (иық, кеуде бойынша, белдеу бойынша, жартылай кескін), кескін-портрет, тұла бойы бойынша орындалған. Көрмеге қойылған балалар туындыларының жетекшілері мектептің тәжірибелі ұстаздары Ахметжанова Татьяна Васильевна, Бамбуляк Анжелика Николаевна, Сидоренко Оксана Валерьевна.