ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Мағжан оқуларының қорытындысы
23-10-2017 04:03
Облыстық Мағжан оқуларының қорытындысы

2017 жылғы 20 қазан күні Павлодар қаласының № 35 ЖОМ V облыстық Мағжан оқулары  өткізілді. Конкурс үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары 5 - 11 сынып оқушыларыарасында 54 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.

Конкурстың қорытындысы бойынша барлық жүлделі орын алған оқушылар саны 27 оқушы, оның ішінде 3 оқушы Павлодар қаласының жалпы білім беру мектебінен.

«Толқынмен толқын сырласып...» - М. Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу  жұмыстары бағытында бас жүлдемен № 37 ЖОМ 9-сынып оқушысы Галлямова Данеля марапатталды. Ол мектептің үздік оқитын оқушыларының бірі. Үнемі шығармашылық сайыстарына, пән олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.  Республикалық тарих пәнінен IV ғылыми-практикалық форумы, тарих пәнінен оқушылар арасындағы II республикалық ғылыми жобалар сайысы ІІ орын иегері (2015 жыл), республикалық жас журналистер арасында өткен сайысының III орын иегері (2016 жыл), халықаралық Сәтбаев ғылыми-практикалық конференция қатысушысы (2017 жыл). Жеңімпаз дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәкен Балтекұлы Умрахимов «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен марапатталды.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар бағытында І дәрежелі дипломмен № 35 ЖОМ 11-сынып оқушысы Шыңғыс Жылқыбай, ІІ дәрежелі дипломмен № 20 лицейдің 11-сынып оқушысы Жұрағат Ахан марапатталды. Шыңғыс «үздік аттестат» үміткері. Ол Тәуелсіздік күні, туған жер туралы 25 өлеңнің авторы. 3-сыныптан бастап өлең шығарады, бастауыш сыныпта қалалық Абай оқулары сайысында І орын алып жеңімпаз атанған. Жұрағат өлеңді жастайынан шығара бастады. 2015 жылы «Жырлайды өлеңдерім» өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Ол республикалық, облыстық оқулардың жеңімпазы мен жүлдегері болып табылады.