ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жетекші мектебінің жас инспекторлары Анапада
24-10-2017 04:09
Жетекші мектебінің жас инспекторлары Анапада

Ағымдағы жылғы қазан айының 20 мен қараша айының 2-не дейін Анапа қаласында (Ресей Федерациясының Краснодарский край өлкесі) «Смена» балалар орталығының базасында 12-ші Мемлекетаралық жас жол қозғалысының инспекторлары слеті өтіп жатыр. Слет қатысушылары ТМД 138 үздік жас жол қоғаласының инспекторлары болып табылады.

Халықаралық форумда Қазақстанның абыройын Павлодар облысы Жетекші жалпы орта мектебінің 9 - 10 сыныптар оқушыларының ЖЖҚИ қорғауда, «Бағдаршам» жас инспекторлар жасағының мүшелері Сидоренко Елизавета, Жанахметова Дарига, Еркенов Ислам, Ермухан Арыстанбек. «Бағдаршам» жасағының мүшелері облыстық слеттің жеңімпаздары, республикалық слеттің жүлдегерлері болып табылады.

Слет шеңберінде балалар жол-көлік жарақаттылығының алдын алуда жұмыс тәжірибесімен бөлісу бойынша семинарлар, «дөңгелек үстелдер», дәрістер мен шебер-сыныптар өткізілуде, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО алдын алу және ескерту мәселелерін шешудегі әдіс-тәсілдер туралы ТМД мемлекеттерінің өкілдерін талқылаулар жүріп жатыр, командалық жұмыс принциптері бойынша тренингтер өтуде. Біздің жас инспекторларымыз Белоруссия және Азербайджан мемлекеттерінің балаларымен бір командада өнер көрсетіп жатыр.

Форумның бағдарламасы өте мазмұнды, қанық. Жас инспекторлар ресейлік мемлекеттік автоинспекция және ТМД елдерінің құқыққорғау органдарының өкілдерімен кездеседі. Өз жаттықтырушылары Павлодар облысы ІІД ЖПҚ аға инспекторы  Ж.К. Беляловамен бірге жас инспекторлар жасағы спорттық жарыстарға, шығармашылық, би және вокалдық сайыстарға қатысуда. Балалардың айтуынша, форумда біздің павлодарлық репер «Стриптонит» өте әйгілі, белгілі.

Командамызға жарыстардың барлық кезеңдеріне ойдағыдай қатысып, үйге жеңіспен оралуларын тілейміз.