ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Президенттік олимпиаданың республикалық іріктеу кезеңінің үздіктері
26-10-2017 09:20
Президенттік олимпиаданың республикалық іріктеу кезеңінің үздіктері

Республикамыздың барлық аймақтарында бір мезгілде білім және ғылым министрлігі Интерактивті студиясының желісі арқылы 2017 жылдың 18 қазанында Х Президенттік олимпиаданың ІІреспубликалық іріктеу кезеңі өткізілді. ІІ турдан тұратын іріктеу кезеңіне: қашықтық және шығармашылық  (эссе жазу) аймақтық кезеңнің 20 жеңімпазы қатысты.

Іріктеу кезеңнің II турнәтижесі бойынша республикалық ұйымдастырукомитеті Х Президенттік олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңінің қатысушылар тізімін бекітті.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облысымыздан 11-оқушы қатысады, оның ішінде Павлодар қаласы № 12 ЖОМ оқушысы Нариман Сагиден. Нариман оқу озаты, физика, математика, биология пәндерінен қалалық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері, мектеп іс-шараларының белсенді қатысушысы.