ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық жарыс жеңімпаздары
26-10-2017 09:36
Облыстық жарыс жеңімпаздары

Павлодар ауданының Чернорецк ауылында 2017 жылғы 20 қазанында «Айбын» әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар өтті. Жарысқа облыстың аудандарынан, қалаларынан 15 команда қатысты. Мақсаты - «Айбын - 2018» республикалық жарысқа қатысушыларды іріктеу, патриоттық тәрбие, әскер қатарына дайындау.

Павлодар қаласының құрамасы І орынға ие болды, команда құрамы Влад Батькаев, 11-ші сынып оқушысы, № 7 ЖОМ,  Рахат Искаков, 10-шы сынып оқушысы,  Кенжекөл ЖОМ,  Игорь Измаилов, 11-ші сынып оқушысы, № 16 ЖОМ, Семен Щербак, 9-шы сынып оқушысы, № 41 ЖОМ, Екатерина Ненашева, 10-шы сынып оқушысы, № 36 ЖОМ, Даша Чирова, 10-шы сынып оқушысы, № 7 ЖОМ облыстық білім беру басқармасының грамоталарымен, Кубокпен марапатталды. Команда жетекшілері Теміртай Арынұлы Тайкебаев және Сергей Васильевич Щетинин, Кенжекөл ЖОМ мен Павлодар қаласының № 43 ЖОМ-ның алғашқы әскери дайындық мұғалімдері.

Жарыс барысында пневматикалық винтовкадан ату, газтұтқышты және қорғаныс жинағын кию, тартылу (бозбалалар), тіреліп, қолды бүгу және жазу (қыздар), Калашников автоматын сұрыптау және жинау, 25 метр қашықтықтағы «танкіге» 700 грамдық гранатаны лақтыру, арқан тарту.