ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балдәурендегі география күндері
26-10-2017 11:47
Балдәурендегі география күндері

2017 жылғы 20 қазанда «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы өзінің 4 ауысымын Павлодар қаласының жалпы орта мектеп оқушыларының 100-ге жуық балаларына «Рухани жаңғыру - Болашаққа бағдар» республикалық бағдарламасы аясында  «Туған жерім - алтын  бесігім» тақырыбымен өз жұмысын бастады.

Патриоттыққа, Отанға деген  сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында ауысым бағдарламасына  қазан айының 23 - 27 аралығында «Павлодар   география Үйі» ҚҚ-мен бірлескен іс-шаралар жоспарланды. Бағдарлама аясында «Иртыш судоходный», «Иртыш и его крепости», «Гусиный перелет: вчера, сегодня, завтра», «О великой реке ко Дню Иртыша» атты фильмдер көрсетілді.

«Қазақ этносының аңыздары» атты театрландырылған қойылым ауысымдағы жарқын іс-шаралардың бірі болды. Қойылым балалардың ұйымдастырылуымен өтті.

Орталық педагогтері оқушыларға арнап «Туған жер» экспедициясын өткізді. Экскурсия барысында  Балдәурен көшесінің атауы - Типқашы сөзіне түсініктеме берілді. Археологтенрдің деректері бойынша Типқашы шатқалы Павлодар Ертіс өңіріндегі негізгі эталондық археологиялық нысандар  құрамына кіретін,  кейінгі қола ескерткіші болып табылады.

27 қазан күні география Үйі мамандары оқушыларға өздерінің Павлодар облысы бойынша, Ертіс өзенінің бойында, Павлодар ауданының Григорьевка, Сычевка ауылдары шетінде жүргізілген палеонтологиялық экспедициялары жөнінде әңгімелейді. «Джурбай» жас өлкетанушылар клубының тәрбиеленушілері география Үйінің жетекшісі Александр Вервекинмен қазіргі Ертіс өңірінің аумағында мекен еткен, бұрыннан түрлері жойылып кеткен бизондар, құландар, аттар, мамонттар, аюлар жануарлардың сүйек қаңқаларын көрсетеді.