ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
27-10-2017 09:46
Білім  беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығымен 2017 жылғы 2 мен 27 қазан аралығында  «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурстың іріктеу кезеңі өткізілді. Конкурстың мақсаты: облыс мұғалімдері мен оқушылары арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау.

Конкурсқа облысымыздың аудандары мен қалаларының4 мамандандырылған мектеп, 9 колледж, 4 мектепке дейінгі және 1 арнайы білім беру ұйымдарынан 131 жұмыс ұсынылды, оның ішінен Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен 34 жоба, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 4 жоба.

Екінші ақтық кезеңге 111 жоба іріктелініп алынды, оның ішінде мұғалімдер арасында 84 жұмыс, ал оқушылар арасында  27 жоба. 

         Іріктеу кезеңінен 32 жұмыс өтті: № 2 ЖОМ (1 жұмыс), № 7 ЖОМ (6), №9 ЖОМ (4), № 11 ЖОМ (2), № 16 ЖОМ (1), № 17 ЖОМ (2), № 20 ЖОМ (3), № 22 ЖОМ (3), № 25 ЖОМ (1), № 26 ЖОМ (3), № 27 ЖОМ (1), № 29 ЖОМ (1), № 32 ЖОМ (1), № 33 ЖОМ (1), № 39 ЖОМ (2), сонымен қатар № 2, 7, 11, 20, 39 ЖОМ оқушылардың 5 жұмысы. Сондай-ақ ақтық кезеңде Павлодар қаласының № 10, 48, 96 балабақшаларынан 3 жұмыс ұсынылатын болады.

Конкурс 2017 жылғы 3 қараша күні № 16 ЖОМ негізінде өткізіледі.