ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларға мейірім сыйла
30-10-2017 03:39
Балаларға мейірім сыйла

Қазақстан Республикасында 29 қазан Қамқоршылар күнін өткізу шеңберінде Павлодар қаласының 42 жалпы орта білім беру мектептерінде қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілерді құттықтау бойынша іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршыларды қолдау. Павлодар қааласында 469 баланың тәрбиесі мен дамуына жағдай жасап отырған 398 отбасы бар.

Мектептерде мәнерлеп айту, ең жақсы шығарма, эссе жазу бойынша байқаулар өткізілді. Тартымды фотокөрмелер, суреттер, плакаттар, балалардың қолдан жасаған шығармашылықтары ұйымдастырылды.

Асырап алған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар туралы бейне роликті көрсетумен қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілерді құттықтау өткізілді. Ата-аналар балаларымен спорттық эстефетаға, «Екі жұлдыз» атты  концерттік бағдарламаға, қайырымдылық жәрмеңкеге қатысты. Патронаттық тәрбиешілер мен қомқоршылар үшін мерекелік концерттер дайындалып, алғыс хаттар және кішігірім сыйлықтар табыс етілді.