ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесі
30-10-2017 09:05
Жеке тұлғаның  рухани-адамгершілік тәрбиесі

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оқушы тұлғасының рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша отбасы, мектеп және қоғамдастықтың өзара әрекеттестігі» тақырыбында 2017 жылғы 27 қазанда Павлодар қаласындағы № 24 ЖОМ облыстық семинар өтті. Семинарды өткізу барысында  мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі 80-ге жуық орынбасарлары, облысымыздың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің психологтері, әлеуметтік ұстаздары қатысты.

Семинардың пленарлық бөлімінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орта білім беру жағдайында іске асыру, баланы отбасында, мектепте, қоғамда тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру туралы, мектептегі тәрбие үдерісіне мектеп мәдениетінің әсері туралы, құқық қорғау ұйымдарының Павлодар облысының білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестігі туралы мәселелер талқыланды. № 24 ЖОМ директордың орынбасары Людмила Петровна Шопинская мектепте іске асырылатын «Отбасылық игілік - республика игілігі» инновациялық жобаны ұсынды. Семинардың практикалық бөлімінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету әдістемесі бойынша коучинг, практикалық сабақ, психологиялық тренинг, білім беру мазмұнын жаңарту аясында  мектептің тәрбие үдерісін модельдеу бойынша тәжірибелік сабақ өткізілді. Семинар қорытындылары бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.