ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәсіподақ белсендерінің форумы
31-10-2017 05:33
Кәсіподақ белсендерінің форумы

2017 жылғы 30 қазанда № 41 ЖОМ базасында Павлодар қаласы кәсіподақ белсендерінің форумы өткізілді. Форум қатысушылары қаланың 135 білім беру мекемелерінің алғашқы кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен әлеуметтік серіктестер өкілдері болды. Қалалық «Павлодар қалалық кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрағасы С. Ш. Сеитовамен кәсіподақ қозғалысының өзекті мәселелері және 2018 - 2020 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Алғашқы кәсіподақ ұйымдарының құқық қорғау қызметін үлгілендіру» жобасы ұсынылды.

Білім беру бөлімі басшысының орынбасыры, екі жақты келістіруші комиссия мүшесімен форум қатысушыларының назарына білім беру бөлімі мен ҚБ филиалының арсындағы Салалық келісімнің орындалу қортындылары мен 2016 - 2019 жылдарға арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысындағы қалалық білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштері ұсынылды.

№ 24 ЖОМ директоры Н. Ш. Рахимгожина жиналған қатысушылар назарына кәсіподақ ұйымдарын үлгілендірудегі маңызды приниципі ретінде әлеуметтік серіктестікті ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Кәсіподақ жұмысының уәждемелік сипатын күшейту туралы «БЖЭТО» МҚКК АКҰ төрағасы Н. Г. Москова өз баяндамасында мәлімдеді. Форум қатысушылары бірауыздан «Алғашқы кәсіподақ ұйымдарының құқық қорғау қызметін үлгілендіру» жобасын қабылдады.

Форумның қорытынды бөлімінде марапаттау рәсімі өткізілді. Кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін «Білім кызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және ақшалай сыйлықақымен АКҰ төрағалары С. В. Тополь (№ 4 мектеп-интернаты), Н. Г. Москова (БЖЭТО), Г. А. Алтынбекова (№ 21 ЖОМ) марапатталды.

Білім және ғылым жұмыскерлерінің Қазақстандық салалық кәсіби одағының құрмет грамоталарымен және сыйлықақымен № 1 БММ АКҰ төрағасы К. М. Ермекбаев, № 24 ЖОМ директоры Н. Ш. Рахимгожина, №16 мектеп-лицейінің директоры Т. А. Мигунова, № 1 БММ басшысы О. Л. Бобровская, № 26 ЖОМ жанындағы лагерінің директоры Е. В. Козорез марапатталды.

Павлодар облыстық Білім және ғылым жұмыскерлерінің Қазақстандық салалық кәсіби одағының құрмет грамоталарымен № 36 ЖОМ директорының орынбасары Ж. А. Умашева, № 42 мектепке дейінгі гимназиясының басшысы, А. М. Казанцева, № 116 сәбилер бақшасының басшысы Г. Ю. Алексейцева марапатталды.

Павлодар қаласының № 41 ЖОМ жас өнерпаздары форум қатысушыларының назарына өздерінің шағын ән-шашуын ұсынды.