ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Балдәрен» (тұзды шахта) галокамераның ашылуы
31-10-2017 10:00
«Балдәрен» (тұзды шахта) галокамераның ашылуы

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында оқушыларға жайлы дем алу үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Әсіресе балалардың денсаулықтарын жақсартуға көп көңіл бөлінеді.

Орталықта профилактикалық-сауықтыру кешенібар, «Биоптрон» қолдануымен физиотерапиялық процедураларға арналған,  ультрадыбыстық ингаляторға арналған «Солнышко» ультракүлгін кварцпен сəулелендіру кабинеттері құрылған. Әсіресе оттегі коктейлі және фито-шай балаларға өте ұнайды.

2017 жылғы 31 қазанда жаңа медициналық кабинеттің: галокамера немесе тұзды шахтаның ашылу презентациясы өтті. Дәл осындай кабинет қала шетіндегі облысымыздың лагерьлерінде әлі жоқ.

Мақсаты - орталықта дем алып жатқан балалардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында замануи  аппараттардың мүмкіндігін қолдану. 

Галокамера (тұзды шахта) - ресейлік өңдіріспенжасалған микроклимат аппараты «Бризсоль - 1» адам ағзасын  тұзды ауаның әсерімен, яғни ауадағы тұзды микробөлшектердің тыныс алу жолдарына өтіп, ағзаны зиянды бактерийлерден тазартып сауықтандыруға негізделген. Галокамера микроэлементтермен қанықтандырылып, жоғары иондандырылғандықтан қанды оттегімен қанықтыруға және иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

Орталық ашылғаннан бері 4 ауысымда 400 жуық бала сауықтандырылған. Қалалық және облыстық пән олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ішінен қала мектептерінің 70 оқушысына арналған 30 қазаннан бастап орталықта 5 ауысым ашылды.