ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Фортепиано бөлімінің асқан шеберлері
01-11-2017 05:18
Фортепиано бөлімінің асқан шеберлері

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 30 қазанда каникулдың бірінші күнінде фортопиано бөлімінің оқушылары арасында «Жас шебер» этюдтар конкурсы өткізілді. Мақсаты - Карл Черни, Генрих Бертини, Герман Беренс, Карл Альберт Лешгорн, Корнелиус Гурлитт сияқты авторлардың инструктивті этюдтарының жанрларын паш ету.

Педагог Елена Александровна Попова «Этюдтарды меңгеру - кез келген музыкантты дамыту үшін аса маңызды. Этюдтың техникалық қарым-қатынасында көптеген қиындықтар бар, бірақ олар фортепианоның терең дыбыстарын ашатын әуендерге толы», - деп атап өтті.

2 - 6 сынып оқушылары өз шеберліктерімен жарысқа түсті. Конкурсқа қатысушылар өздерінің үздік музыкалық-орындаушылық қасиеттерін көрсетіп, көрермендерді жарқын, эмоционалдық өнерлерімен таң қалдырды. Жас пианистер меңгерген техникалық әдістерін, дыбыс шығару, нақты және динамикалық икемділік дағдыларын көрсетті.

Конкурсқа қатысушыларды қолдау үшін ата-аналар, достары, педагогтар, бөлім оқушылары келді.

Конкурс қорытындылары бойынша І орынды Садвокасова Айым (2-сынып), Жумкешова Малика (3-сынып) иеленді, педагогы Светлана Леонидовна Рябовол. ІІ орынды Арасланова Зарина (4-сынып), педагогы Айнұр Тоқтарбекқызы Мұсатаева, Мейрамова Даяна (4-сынып), педагогы Мира Борисовна Зверева, Халимон Карина (6-сынып) иеленді, педагогы Светлана Степановна Камкина. ІІІ орынды Байкенов Бекзат (2-сынып), педагогы  Айнұр Тоқтарбекқызы Мұсатаева, Ушкова Виктория (4-сынып), педагогы Светлана Леонидовна Рябовол, Қуантай Дария (5-сынып) иеленді, педагогы Наталья Васильевна Ерисова.

Конкурс жеңімпаздары Құрмет грамоталарымен марапатталды.