ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» математикалық турнирі
01-11-2017 10:45
Бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» математикалық турнирі

2017 жылғы 31 қазанда Павлодар қаласы  № 35 ЖОМ негізінде бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» математикалық турнирі өтті. Мақсаты - оқушыларды интеллектуалды жарысқа дайындау, бастауыш сыныптағы дарынды балаларды  қолдау. Қаланың 39 жалпы білім беру мектебінен 2 - 4 сыныптың 117 оқушысы қатысты.

Турнир екі кезеңмен өтті. I кезең - командалық (жазбаша) - лига бойынша  командаларды анықтау (жоғарғы, бірінші, екінші), II кезең 2 турдан тұрды командалық (ауызша) және жекелей (жазбаша).

Командалық турнир қорытындысы бойынша 13 команда жеңімпаз бен жүлдегер атанды: гран-при (жоғарғы лига) № 39 ЖОМ командасының оқушылары, І дәрежелі  диплом  № 34 ЖОМ командасы, ІІ дәрежелі диплом -  № 9 ЖОМ, № 38 ЖОМ командалары, ІІІ дәрежелі диплом № 29 ЖОМ, № 5 ЖОМ  командаларына берілді.1-ші лига командалары арасында І дәрежелі  диплом  № 36 ЖОМ командасы,І ІІ дәрежелі диплом КЖОМ, № 42 ЖОМ командаларына берілді. 2-ші лига командалары арасында І дәрежелі  диплом  № 24 ЖОМ  командасы, ІІ дәрежелі диплом № 1 ЖОМ командасы, ІІІ дәрежелі диплом № 26, 41 ЖОМ командалары алды.

         Жекелей тур қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер 23 оқушы, сонымен қатар 2-сынып оқушылары арасында - 8 оқушы, 3-сынып оқушылары арасында - 8 оқушы, 4-сынып оқушылары арасында - 7 оқушы.

2-сынып оқушылары арасында «Абсолюттік жеңімпаз» атағын № 29 ЖОМ оқушысы Қуаныш Сарсембин алды, І дәрежелі диплом №35 ЖОМ оқушысы Амина Кабиева, ІІ дәрежелі диплом № 16 ЖОМ оқушысы Мирас Ахатов, № 28 ЖОМ оқушысы Егор Александров, №41 ЖОМ оқушысы Александр Федоров, ІІІ дәрежелі диплом № 9 оқушысы Глеб Ушаков, № 19 ЖОМ оқушысы Әдия Шуктаева, № 22 ЖОМ оқушысы Бахтияр Даниялов алды.

3-сынып оқушылары арасында «Абсолюттік жеңімпаз» атағын № 38 ЖОМ оқушысы Мұстафа Тлеубек алды, І дәрежелі диплом № 25 ЖОМ оқушысы Нұрғалым Сәкен, ІІ дәрежелі диплом № 28 ЖОМ оқушысы София Лейман, № 39  ЖОМ оқушысы Алина Решетняк, ІІІ дәрежелі диплом № 9 ЖОМ оқушысы Алина Фролова, № 21 ЖОМ оқушысы Антонина Демченко, № 29 ЖОМ оқушысы Никита Трусов, № 40 ЖОМ оқушысы Владимир Кулиш алды.

4-сынып оқушылары арасында «Абсолюттік жеңімпаз» атағын № 9 ЖОМ оқушысы Владислав Малыгин алды, І дәрежелі диплом № 21 ЖОМ оқушысы Мұхамед Абукаров, ІІ дәрежелі  диплом № 18  ЖОМ оқушылары Илья Соловьев және № 41 ЖОМ оқушысы Егор Сидорук, ІІІ дәрежелі  диплом  № 35 ЖОМ оқушысы Айла Кабиева, № 11 ЖОМ оқушысы Андрей Дорохин, № 34 ЖОМ оқушысы Руслан Шереметьев алды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды, жоғарғы лиганың  командалары турнир кубогін алды. № 39, 34 ЖОМ, № 38 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ командалары  қараша айында  облыстық  турнирге қатысады.