ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациялық педагогикалық тәжірибенің сараптамасы
02-11-2017 05:06
Инновациялық педагогикалық тәжірибенің сараптамасы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жалпыламау және тарату бойынша жұмысы мақсатты және үздіксіз өткізіледі. Павлодар қ. жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибиені қорғау бойынша жұмыстарын бірінші іріктеу кезеңінің сараптамасы 2017 жылғы 31 қазанында № 7 ЖОМ өткізілді. Осы оқу жылында педагогтармен 95 жұмыс ұсынылды, оның ішінен 84 жұмыс қалалық конкурсқа, 11 - облыстық конкурсқа қорғауға өтінім берді.

Келесі кезеңнің жұмысы тәжірибені анықтау және зерттеу бойынша педагогикалық тәжірибенің сараптамасы ЖОО ғалымдарымен қаралады. Қорытынды кезең - алқалы тыңдалым формасындағы инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғау кезеңі 2018 жылдың қаңтар айында Инновациялық Евразия университеті базасында өткізіледі. Инновациялық тәжірибенінің алқалы тыңдалымы 7 секция бойынша келесі бағыттарда жұмыс істейді: физико-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, бастауыш білім беру. Жұмыс қорытындысы бойынша бұл тәжірибелер жинақталып қалалық білім беру бөлімінің «Педагогикалық тәжірибе - 2018» банкісіне енгізіледі.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық «Педагогикалық бастамалар - 2017» сайысының қорғау кезеңіне 20 мұғалімнің тәжірибесі қала көлемінде 9 қарашада дарынды қыз балаларға арналған «Білім инновация» лицейінде таратылады. Облыстық конкурстың жеңімпаздары республика көлемінде өз тәжірибиесін ұсынады. 2016 - 2017 оқу жылында республикалық конкурста ІІ орынды балабақша логопеді Светлана Леоновна Ниязова, № 28 ЖОМ география пәнінің мұғалімі Светлана Николаевна Барвих «Үздік педагог - 2017» республикалық конкурсының жеңімпазы, «Өз мамандығында үздік» конкурсының номинанттары № 28 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері Елена Николаевна Асютина, Ольга Владимировна Анушкина болды.