ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұйымдастырушылық-шығармашылық топ отырысы
03-11-2017 08:41
Ұйымдастырушылық-шығармашылық топ отырысы

Білім мазмұнын жаңарту аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет жұмысының бір бағыты белгілі бір мәселені шешуде инновациондық ой және практикаға бағытталған зерттеу тұрғысынан қарайтын кәсіби базасы бар мұғалімдермен жұмыс жасау болып келеді. Осы мақсатта оқу-тәрбие процесіне инновациондық технологияларды енгізу бойынша жаттықтырушыларды дайындауға арналған 3 жылдық шығармашылық топ жұмыстары ұйымдастырылды.

№ 24 ЖОМ қабырғасында қала мектептерінің 450 педагогтеріне арналған шығармашылық топ отырыстары ұйымдастырылды, оның 119-ы мемлекеттік тілді педагогтер, 43-і оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары. Бүгінгі күні қала мектептерінің 78% мұғалімдері оқу-тәрбие процестеріне заманауи педагогикалық технологияларды енгізуде. Педагогтер өз еңбектерінің нәтижелерін көруде белсенділік танытуда. Өздігінен білімін жетілдіру, педагогикалық тәжірибені жалпылау, авторлық бағдарламалар, жобалар тақырыптары бойынша жұмыс тәжірибесі жиналуда.

Шығармашылық топ  қатысушыларының алдында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С. Нурахметова сөз сөйледі. Отырыста қатысушылардың жұмыстары 4 бөлікке бөлінді: Степ-бай-Степ,  RWST, тұлғалық-бағдарлы оқыту, АКТ. Критериалды бағалау сұрақтары бойынша Павлодар облысы бойынша педагогикалық шеберлік Орталығының жаттықтырушылары оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларымен дөңгелек үстел өткізді.  Орталық жаттықтырушылары Ныгметова Б. Д., Айдарханова И.И., Ибраева А. модерация, формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын құру, кері байланыс, сабақ рефлексиясы бойынша түсінік берді.

Келесі мектеп жаттықтырушылары модератор міндеттерін атқарды: Антошина Н. К. (№ 34 ЖОМ), Садовая И. Н.,  Долголевец А. К. ( № 43 ЖОМ), Козлова Н. А., Шарипова А.С., (№ 4 ЖОМ), Искакова Р. А., Валеулина А. (№ 30 ЖОМ), Муслимова Ж. М., Сарсембаева Ж. О. (№ 25 ЖОМ), Оспанова И. Е. (№ 13 ЖОМ), Тулебаева С. Б., Андреева Е. Н. (№ 42 ЖОМ), Мурадымова Г. Х. (№ 17 ЖОМ), Жантемирова А.А. (№ 26 ЖОМ), Николаева Е. Н., Базаводова М. В., Байшукир К. (№ 24 ЖОМ).