ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық сайысының қорытындысы
06-11-2017 04:02
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық сайысының қорытындысы

Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2017 жылғы 3 қараша күні Павлодар қаласының №16 лицей - мектебінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық сайысының қорытынды кезеңі өткізілді.

Облыстық сайысқа ұсынылған 131 жоба, соның ішінде Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің 34 жобасы ұсынылды. Соңғы кезеңге 111 жұмыс өтті, соның 30-ы Павлодар қаласынан.

Бұл сайыс 9 бағыт бойынша өткізілді, оның ішінде мұғалімдер арасындағы «bilimland.kz и i-mektep.kz инновациялық ресурстарын пайдаланып жасалған сабақтар» және оқушылар арасындағы «Lego-мен жасалған робототехника жобалары» атты екі жаңа бағыт енді.

Сайыс қорытындысы бойынша 24 жобаның авторлары жеңімпаз атанды, соның ішінде І дәрежелі дипломға Павлодар қаласының № 9 ЖОМ мұғалімі Елена Юрьевна Бармина, № 11 ЖОМ мұғалімі Анастасия Александровна Чумаченко иеленді. ІІ дәрежелі дипломның иегерлері Павлодар қаласының № 9 ЖОМ Алмагуль Сабыровна Дарабаева, № 27 ЖОМ мұғалімі Сентай Серикович Симбаев деп атанды.   

Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебінің мұғалімі Алена Владимировна Вендерских, № 39 ЖОМ мұғалімдері Лариса Дмитриевна Болехивская, Елена Юрьевна Ендураева, Антонина Михайловна Павлинина, № 33 ЖОМ мұғалімі Гүлбану Қайырбекқызы Қапбасова, Б.Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ мұғалімі Даулет Ермекович Айгужинов, № 26 ЖОМ мұғалімі Людмила Сергеевна Терейковская, № 39 ЖОМ оқушылары Али Байжуманов пен Тамерлан Кусаинов ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

    Сайыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары білім беру басқармасының дипломдарымен және құңды сыйлықтармен марапатталды.

   Білім беру басқармасы грамоталарымен келесі номинациялар бойынша жобалар белгіленіп, «Әдіскер мұғалім» - Павлодар қаласы № 7 ЖОМ мұғалімі Рыскелды Муратбековна Рахимбаева, «Бағдарламашы мұғалім» - № 17 ЖОМ мұғалімі Дулат Боранбаевич Омаров, «Үздік интерактивті құрал» № 16 лицей-мектебі мұғалімі Елена Геннадьевна Таран, «Зерттеуші мұғалім» - № 26 ЖОМ мұғалімдері: Бибигуль Айкешевна Аманова, Сауле Жумабаевна Маманова, Анар Сайлауовна Базылова, «Бағдарламашы оқушы» - Павлодар қаласы № 11 ЖОМ оқушылары Артем Малых, Кирилл Поварницин марапатталды.