ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Олимпиадашылардың оқу-жаттықтыру жиынының аяқталуы
06-11-2017 08:31
Олимпиадашылардың оқу-жаттықтыру жиынының аяқталуы

2017 жылдың  3 қарашасында  «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында (Мичурин ауылы) «Алтын сын» олимпиадалық резерв  мектебінің қатысушыларына арнап ұйымдастырылған аяқталды.

Тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін 70 жас олимпиадашылар дайындықтан өтті. Оқушылар күн сайын жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша дайындалып қана қоймай оқумен бірге демалу және сауығуды  жақсы үлестірді. Балалар информатика пәні бойынша И. О. Поляковтің, физика пәні бойынша Л. И. Дзангиеваның, Д. К. Аментаеваның, математика пәні бойынша А. А.Текеновтің, биология пәні бойынша А. М. Утилованың, химия пәні бойынша Д. М. Салихтің сабақтарына көңілдері толып, разы  болды.

Сабақтан өзге, қалаулары бойынша өткен-үстел теннисі және шахмат ойындары, тренажерлардағы жаттығулар, таза ауадағы демалыстар, дискотекалар, жаңа достарының арасындағы әңгімелер балалардың есінде көпке дейін сақталып қалады. Демалыс барысында олар галокамера (тұзды шахта) замануи  аппаратының көмегімен, оттегі коктейлі және фито-шайдың көмегімен денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алды.