ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Теміртау қаласының өкілдік тобымен жұмыс тәжірибемізбен алмасу
07-11-2017 06:34
Теміртау қаласының өкілдік тобымен жұмыс тәжірибемізбен алмасу

Теміртау қаласы мектептерінің басшылары мен білім беру бөлімі өкілдерінің құрамындағы өкілдік топ жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша жұмыс сапарымен Павлодар қаласының білім беру мекемелеріне келді. Қонақтар 2017 жылғы 6 қарашада қаланың № 16, 25, 39 мектептерінде болды.

№ 16 мектепте мектеп жұмысының инновациялық бағытымен танысты. Өкілдік топ ағылшын тілі элементтерімен өткізілген информатика сабағына қатысты. 2-сынып оқушылары «ActivStudio» бағдарламасын модельдеу элементтерін, тарату материалдарын пайдалану арқылы болашақ мектеп жобасын қонақтардың назарына ұсынды. Акті залында қонақтарға даңғырлатып ойнайтын оркестрі, «Читающая нация» акциясы шеңберінде мектеп кітапханасында сынып сағаты өткізілді. Сондай ақ қонақтар спорт залын, асхана, шахмат және робототехника кабинеттерін аралады.

№ 25 ЖОМ өкілдік топ мектептің көп тілді оқытуды енгізу бойынша экспериментальді тәжірибесімен, көп мәдениетті тұлғаны дамыту жұмысымен танысты. Көп тілді оқыту эксперименті шеңберінде ашық сабақтар өткізілді, робототехника, шахмат, тоғызқұмалақ, спорттық секциялардың жұмыстары көрсетілді. Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер, ағаылшын тілін пайдалану арқылы химия, физика, биология, информатика пәндерінен эксериментальді сыныптарда жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Қонақтар мектептің шағын-орталығын, Тұңғыш Президент, робототехника, шахмат, тарих, ағылшын тілі, биология, информатика, тоғызқұмалақ, мұрагер кабинеттерін, спорт кешенін аралады. Жасұландықтармен кездесті.

Гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі № 39 ЖОМ-де Теміртау қаласынан келген қонақтарды осы мектептің хореографиялық ұжымы (балалар шығырмашылығы бірлестіктерінің театрленген республикалық шеруінің қатысушылары) «Марш  барабанщиц» композициясымен қарсы ады. Өкілдік топ экспериментальді үшінші сыныптардың сабақтарына қатысып, білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау бойынша мектеп жұмысымен танысты. Қонақтар неміс тілі сабағынан саусақтарға киілетін қуыршақтарды пайдалану арқылы өткізілген, театрленген сабаққа қатысты. Сондай ақ қонақтар «Мектебіме тағзым» бағдарламасы шеңберінде толықтай мектеп түлегі И. С. Теренчекомен жабдықталған, жаңа музыка кабинеті көрсетілді. Теміртау қаласынан келген өкілдік топтың мүшелері шахмат, робототехника кабинеттеріне және үйірме тәрбиеленушілерімен ұсынылған, роботтар сайысына, қазақ тілі, физика, информатика, география кабинеттерінің, спорт және акті залының материалдық-техникалық жабдықталуына таңқалды, сүйсіне қарап қызығушылықтарын білдірді. Лингвистикалық гимназия оқушыларының Германия мемлекетімен өткен бейнеконференциясы қонақтарды оданда қатты таңқалдырды.