ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық «Ақ көгершін» конкурсының бас жүлдесі
08-11-2017 04:51
Халықаралық «Ақ  көгершін» конкурсының бас жүлдесі

Павлодар қаласының № 40 ЖОМ «Самрұқ» би ансамблі XVI  Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығының фестиваль-конкурсына қатысты. Конкурс Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласы білім беру бөлімінің, Қазақ Ұлттық өнер университетінің қолдауымен 2017 жылдың 30 қазан - 3 қараша аралығында өткізілді.

Мақсаты - жаңа дарындарды қолдау, ұлттық мәдениетке деген аялы көзқарасын тәрбиелеу, көркемдік және эстетикалық талғамдарын дағдыландыру, балалардың дамуына мектептен тыс ұйымның, педагогтардың кәсіби шеберлігінің рөлін арттыру.

20 оқушы құрамымен ансамбль қатысушылары конкурстың орта және жоғары жас санатында өнерлерін көрсетті, венгр, фин халықтарының 4 конкурстық биін ұсынды.

«Ұжымның үйлесімділігі, сапалы орындауы мен киімдерінің көркемдігінің арқасында ансамбльдің үлкен тобы конкурстың бас жүлдесін, орта тобы І орынды женіп алды. Ансамбльдің әр қатысушысы медальдар, мадақтамалар және конкурстың екі жалпыкомандалық кубогын алды», - деді мектеп директоры Любовь Владимировна Задубняк.

«Үздік ұстаз» дипломымен жоғары санатты хореограф, ансамбль жетекшісі Светлана Алексеевна Зубкова, өсіп келе жатқан ұрпаққа жан-жақты тәрбиесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен мектеп директоры Любовь Владимировна Задубняк марапатталды. Конкурс сапарына Павлодар облысының Қазақстан фин-ұйғыр халықтары орталығының жетекшісі Ольга Леонидовна Николашина ықпал етті.