ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтардың орындаушылық шеберлігі
08-11-2017 12:09
 Педагогтардың орындаушылық шеберлігі

2017 жылғы 2 - 3 қараша аралығында Қарағанды қаласында «Шабыт шаттығы» балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқытушылары арасында өңірлік орындаушылық шеберлік конкурсы өтті. Конкурсқа Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының педагогтары, оның ішінде Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің 7 педагогы қатысты. Мақсаты - балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагог-музыканттарының шығармашылық әлеуетін қолдау, педагогтардың оң беделін қалыптастыру.

Қатысушылар «Жеке орындаушы», «Ансамбльдер», «Педагог - концертте орындаушы» номинацияларында 35 жасқа дейін және одан жоғары категорияларда жарысқа түсті. Педагогтардың шеберліктері он критерия бойынша бағаланды - екпін тазалығы және дыбыс сапасы, көркемдік бейненің толықтығы мен сахнадағы мәдениет, аспапта ойнай білу.

Конкурс қорытындылары бойынша «Жеке орындаушылар» номинациясында І орынды Р. Гальяноның «Вальс Марго», В. Черниковтың «Воронежский ковбой» туындыларын орындағаны үшін, баян бойынша педагог Михайленко Олег Михайлович иеленді. «Классик копозиторларының туындыларын үздік орындағаны үшін» номинациясында музыка мектебінің құрамын Андрющенко Александр Александрович, Макаров Константин Сергеевич, Сазонов Евгений Николаевич, Игенбаев Нурлан Асылханович, Халимон Юрий Александрович құраған «Back Beat» ансамблі иеленді. Гитара бойынша педагог Генне Павел Иванович қатысушы сертификатын алды.

Конкурстың жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.