ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мамандардың кәсіптік-жеке қалыптасуы
09-11-2017 05:14
Жас мамандардың кәсіптік-жеке қалыптасуы

Павлодар қаласының білім бөлімінде жас мамандармен жұмысы бойынша бағытталған жүйе қалыптасты. Осы оқу жылында педагогикалық ЖОО және колледждердің түлектері, 78 жас педагог қаланың жалпы орта білім беру мектептеріне келді. Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қарамағында 2010 жылдан бастап жас педагогтарға арналған «ПроЛС» клубы жұмыс атқарады, жетекшісі «Білім беру саласындағы көшбасшы - 2010» конкурстың жеңімпазы, клуб жобасының авторы, № 36 ЖОМ директордың орынбасары Надежда Владимировна Копыльцова. 2017 - 2018 оқу жылында клуб жұмысы эстафета бойынша № 24 ЖОМ берілді. Мектепте 78 % жас педагог жұмыс істейді, олармен жинақталған жұмыс тәжірибесі бар.

Клубтың кезекті кездесуі мектептің демалыс күндері өткізілді. Сабақта тыңдаушылармен  мектеп директоры Н. Ш. Рахимгожинамен, орынбасары А. Ш. Казимовамен кездесу ұйымдастырылды. Жас педагогтар  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, критериалды бағалау, коучинтер, рөлдік ойындар бойынша шеберлік-сағатының белсенді қатысушылары болды. Мектепте бірінші ай жұмыс істеу бойынша пайда болған мәселелердің шешуілері туралы ашық сөйлесті, «Білім беру саласындағы көшбасшы» дөңгелек үстелде кейінгі жұмыстары бойынша сұрақтар шеңбері анықталды, мектеп психологі С. Шазинда психологиялық тренинг өткізді.

Оқытудың қорытындысы бойынша қатысушыларға ұсыныстар, жаднамалар, қатысқан шаралардың материалдары берілді.