ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бірінші сыныптарды музыкалық қабылдауы
10-11-2017 05:47
Бірінші сыныптарды  музыкалық қабылдауы

2017 жылғы 8 қарашада Құрманғазы атындағы № 1 балалар мызыка мектебінде бірінші сынып оқушыларын музыканттар қатарын қабылдау мерекесі өтті. Мерекеге 130 бірінші сынып оқушылары, педагогтар, ата-аналар, достар қатысты.

Мереке иелерін құттықтау ұлы және таңғаларлық музыка өнері туралы нағыз ертегі көрінісі түрінде өтті. Жас музыканттарға қонаққа Буратино, Алиса түлкі және Базилио мысығы, жалмауыз кемпір келді. Балалардың білімдерін тексеруге «Жеті сиқырлы нота» және «Скрипкалық кілт» келді. Бірінші сынып оқушылары жас музыкант атануы үшін ертегі орманының зұлым иелерінің сұрақтарына еш қиындықсыз дұрыс жауап берді. «Скрипкалық кілт» олардың музыкалық білімдеріне риза болды, жалмауыз кемпірдің өзі мектепте оқығысы келді. Мектеп педагогтарының жарқын музыкалық нөмірлері жас музыканттар үшін нағыз сыйлық болды.

Ольга Леонидовна Бобровская «Әр қатысушының есінде мерекеден ұмытылмас әсер қалады. Оқушылар мен ата-аналар жарқын және көңілді мерекеге риза болды және олар ертегі кейіпкерлерімен ұзақ суретке түсті», - деп атап өтті.