ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық конкурста қала педагогтарының табысқа жетуі
10-11-2017 05:55
Республикалық конкурста қала педагогтарының табысқа жетуі

Алматы қаласының  «Алатау» санаторлық-сауықтыру кешенінде 2017 жылғы қараша айының 8 - 9 күндері  жалпы орта  білім беретін және мамандырылған мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Үздік авторлық бағдарлама - 2017» республикалық конкурсы өткізілді. Конкурста барлық Қазақстаннан 276 мұғалім қатысты. Павлодар облысын 23 педагог ұсынды, соның ішінде 10 мұғалім Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен.

Авторлық бағдарламаны бағалау бағыттар бойынша өткізілді: бастауыш сынып, тәрбие жұмысы, психологиялық қызмет.

Конкурстың нәтижесі бойынша барлық қала қатысушылары жүлделі орындарды және номинацияларды алды.

Жаратылыстану-ғылыми бағыттардың пәндері бойынша (химия, биология, география, экология) І орынды - бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Нурмагамбетқызы Жекеева, ІІІ орынды - № 96 балабақшаның ағылшын тілі мұғалімі, Аза Белановна Бесаева, Елена Ивановна Юминова, № 2 балалар өнер мектебінің бейнелеу өнері мұғалімдері иеленді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытының пәндері бойынша (тіл, әдебиет, тарих, құқық) ІІІ орынды - № 17 ЖОМ география мұғалімі, Марат Омарұлы Жакупов, № 26 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Бахтыгүл Тулегенқызы Аушахманова, Кенжекөл ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі, Гамал Қайыргелдіұлы Күлжанов алды.

«Өз ісінің шебері» номинациясы бойынша жүлделі орындар № 26 ЖОМ технология мұғалімі Надежда Александровна Стремцоваваға, № 1 ЖОМ технология мұғалімі Татьяна Ивановна Перфильеваға, № 34 ЖОМ биология және бастауыш сынып мұғалімі Виктория Викторовна Бедринецке, Елена Сергеевна Никитинаға берілді.

Республикалық конкурстың нәтижесі бойнша Павлодар облысының педагогтар командасы ең үздік деп бағаланды. Жеңімпаздардың авторлық бағдарламалары республикалық  жинақта жарияланады және дарынды балаларды оқытудағы оқу-тәрбие үрдісінде қолданылады.