kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3032712
Бір айда117894
Бір аптада21798
Кеше4059
Тәулік3223
Жас зерттеушілердің қалалық конкурсы
13-11-2017 06:39
Жас зерттеушілердің қалалық конкурсы

«Павлодар қаласы № 25 ЖОМ 2017 жылы 11 қарашада интеллектуалдық мүмкіншілікті қалыптастыруға көмектесу, талантты және дарынды жас зерттеушілерді қолдау және іріктеу мақсатында 1 - 8 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалардың республикалық конкурсының қалалық  кезеңі  өткізілді. 35 жалпы орта білім беру мектептерінен 218 оқушы қатысты.Қатысушылары 16 секция бойынша 208 жоба ұсынды (физика, жер және ғарыш туралы ғылым, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология,қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы,тарих,өлкетану, адам және қоғам, әдебиет, этномәдениет және тіл білімі). Ең көп жоба тіл білімі бойынша (38), биология бойынша (23).

Конкурс қорытындысы бойынша 122 қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен 29 оқушы, ІІ дәрежелі  дипломмен 42 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 51 оқушы марапатталды. Барлық қатысушылар Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификатымен белгіленді.

Конкурстың қалалық кезеңінің жеңімпаздары ғылыми жобалардың республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысады.