kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3113071
Бір айда237498
Бір аптада47164
Кеше7832
Тәулік285
Жұлдызды жапырақтар
14-11-2017 05:07
Жұлдызды жапырақтар

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің өміріндегі жарқын оқиғасы мектеп тәрбиеленушілерінің «Жұлдызды жапырақ» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының 4 республикалық фестиваліне қатысуы болды. Мақсаты - дарынды балалар мен жастарды қолдау, Қазақстанда музыка, би және театрландырылған шығармашылықты қолдау және дамыту, мәдени әлеуетті сақтау және дамыту, мәдениаралық байланысты дамыту, жас таланттарды ұлттық мәдениет пен өнердің үздік бейнесіне баулу.

Таңертеңнен бастап «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылық орталығы мерекелік көңіл-күйге толы болды: көптеген шарлар, гүлдер, балалардың сыңғырлаған күлкісі. Конкурсқа қатысушылар, педагогтар, ата-аналар сахнаға шығу алдында толқыды.

Конкурста қазақ ұлттық аспаптар, жеке және ансамбльде ән айту, шекті аспаптар және фортопиано бөлімдерінің оқушылары мектебіміздің намысын қорғады. Конкурсқа қатысу үшін 29 өтінім берілді. Конкурс қорытындылары бойынша барлық қатысушылар жүлделі орындарды иеленді. 14 оқушы - гран-приге лайық деп танылды, І орынды 8 оқушы, ІІ орынды - 5 оқушы, ІІІ орынды - 2 оқушы иеленді.

Конкурс тыңдаушыларының гран-приін жеңіп алған «Матрёшки» әнімен  «Фантазёры» тобының өнері «Мелодия Надежды»  номинациясында конкурстың ажарын аша түсті, жетекшісі Юлия Вадимовна Захарчук. Мектептің барлық шығармашылық топтары өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай гран-при иеленді:  «Серпін» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі, жетекшісі Гаухар Әбжанқызы Әбжанова, «Қоңыр саз» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі, жетекшісі Берік Қошанбайұлы Ишанқұлов, «Гварнери» шекті ансамблі, жетекшісі Юлия Вадимовна Захарчук.