ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Вальс әлеміне саяхат
15-11-2017 04:32
Вальс әлеміне саяхат

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 7 қарашада «Ұлы мәртебелі - вальс» дәріс-концерті өтті. № 43 жалпы білім беру мектебінің 4-сынып оқушылары мен педагогтары балалар филармониясының қонағы болды.

Дәрісті теориялық пәндер бойынша педагог Ирина Леонидовна Краснощекова өткізді. Оқушыларға жанрдың құрылуы мен даму тарихы, вальстің пайда болған сәтінен бастап заманауи бальдық биге дейінгі ерекшеліктері туралы материалдар ұсынылды. Оқушылар 19 ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі белгілі вальстерді жазған композиторлардың есімдерімен танысты. Жүргізуші мазмұны терең, әрі бейнелі сөзге бай түрлі заманның би көріністері бар слайдтар пайдаланған.  Балалардың назарына Ф. Шопен,  А. Грибоедов,  П. Чайковский, Е. Доги,  Л. Хамиди,  Г. Свиридов сияқты ұлы композиторлардың туындыларынан бейне-метариалдар ұсынылды.

Дәрісте оқушылар музыкалық туындыларға сипаттама беруге, өзіндік байланысқа белсене қатысып, ортақ бөліктер мен айырмашылықтарды тапты, музыкалық туындыларға және олардың орындаушыларымен байланысын көрсетті.