ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала балабақшаларында «Асық party» науқаны
15-11-2017 06:40
Қала балабақшаларында «Асық party» науқаны

Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Асық party» науқан эстафетасы іске қосылды.

Ұлттық спорт түрі бойынша ең алғашқы болып № 35 балабақша шара ұйымдастырды. Біз «Асық party» туралы әлеуметтік желіден білдік - деді балабақша басшысы Гүлжауар Аубәкірова. Балабақшада біз рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастыру үшін, ұлттық дәстүрлерге негізделген түрлі формалар мен әдістерді қолданамыз. Асық - бұл ертеден кележатқан ұлттық ойын, оның әсерінен балалар дене бітімі жағынан жетіліп қоймай, сонымен қатар шыдамдылықты, топта жарыса түсе білуге үйренеді. Алшіктерді тәрбиеленушілер ойын кезінде ғана пайдаланып қоймайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: ақ, қара асықтармен шахмат ойнайды, санау үшін, санамақ айту кезінде алуан түрлі асықтарды қолданады.

Мерекелік шарада балалар ән салды, биледі және асықтарды дәл көздеп атып жарысты. Мерекенің соңында балаларға мақтау қағаздары және кітаптар табысталды. Эстафетаны № 28 балабақша жалғастырады.