ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас математиктердің олимпиадасы
16-11-2017 04:12
Жас математиктердің олимпиадасы

2017 жылы 12 қараша күні № 9 ЖОМ негізінде «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Шалтай Смағұлов академик атындағы математикалық  олимпиаданың І іріктеу туры өткізілді. Олимпиадаға  қаланың 36 жалпы орта білім беру мектептерінен 299 оқушы қатысты, оның ішінде 94 оқушы қазақ тілінде, 204 оқушы орыс тілінде оқиды.

Оқушыларға логикалық ойлау, пән бойынша білімдерін практикада  қолдануға 20 тапсырманы орындауға 2 сағат берілді.

Олимпиаданың І іріктеу турының  қорытындысы бойынша  қаланың 10 мектебінен 12 оқушысы олимпиаданың ІІ турына өтті, оның ішінде 6 сынып оқушысы Бадыртенов Рамиль (ЖОМ № 1), Балтабаев Әділжан (ЖОМ № 25), Бехтина Ангелина, Малыгин Максим (ЖОМ № 34), КокибайАжар (ЖОМ № 37), Казинцов Михаил (ЖОМ № 39), Саенко Александр (ЖОМ № 43), Сыздыкова Малика, Скрипник Полина (ЖОМ № 9), Галочкина Рина (ЖОМ № 16), 7 сынып оқушысы - Солдатов Владислав (ЖОМ № 17), Богатырев Владимир (ЖОМ№ 11). Олимпиаданың ІІ туры 2017 жылы 19 қарашада өткізіледі.